Пікір • 26 Қараша, 2020
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланғалы үш жылдан асты.
Елбасы • 26 Қараша, 2020
Уақыт өткен сайын дәуірден озатын дара тұлғалар, заман жаңарған сайын жаңғыра түсетін жасампаз істер болады. Көреген көшбасшы, саңлақ саясаткер, білікті реформатор, тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы айтқанда осындай ой санаңа еріксіз оралады.
Оқиға • 26 Қараша, 2020
Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Достық үйінде тұсауы кесілген «Мәміле» қазақ тілі пікір алмасу клубының кезекті сабағы өткізілді.
Парламент • 26 Қараша, 2020
«Әлеуметтік кодекс» жобасының тұжырымдамасы талқыланды
Сенат депутаттары Нариман Төреғалиев пен Динар Нөкетаева палата жанынан құрылған Жас сарапшылар клубының мүшелерімен кездесті. Онда Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік кодексінің тұжырымдамасы кеңінен талқыланды.
Парламент • 26 Қараша, 2020
Зейнетақымен қамсыздандыру жұмыстары зерделенді
Мұрат Бақтиярұлының төрағалық етуімен өткен Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Саясат • 26 Қараша, 2020
Небраска назарында – Қазақстан
Global AgConnect ірі онлайн іс-шарасы барысында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Іс-шараны Небраска штатының (АҚШ) Экономикалық даму департаменті және Valley Irrigation компаниясы ұйымдастырды.
Қоғам • 26 Қараша, 2020
Нұр-Сұлтан қаласындағы Т.Айбергенов атындағы №16 мектептің мұғалімі Елизавета Шнайдермен танысқанымызда, оның қазақша мүлтіксіз сөйлегеніне таңырқағанымыз рас.
Президент • 26 Қараша, 2020
Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Құрметті съезд делегаттары! Партиямыздың ХХ съезі күрделі әрі маңызды кезеңде өткізіліп отыр. Бұл – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы оқиға.
Қоғам • 26 Қараша, 2020
Кесілген ағаштың сұрауы кімнен?
Алматыда талдарды заңсыз кесу фактілері анықталып, бұл әлеуметтік желіде шу тудырды. Нақтырақ айтсақ, қарашаның 21-інен 22-сіне қараған түні Төле би мен Әуезов көшелері қиылысында өсіп тұрған 13 түп ағаш кесілген. Оның тоғызы емен болса, екеуі – қарағаш. Ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударып, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды.
Оқиға • 25 Қараша, 2020
Өткен дәуір жауынгерлерімен «кездесу»
Шымкент қаласының №24 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушылары үшін түрлі дәуірдегі жауынгерлер мүсіндерінің көрмесі ұйымдастырылды. Балаларға экспонаттарды отставкадағы подполковник Арман Ахашов ұсынды.