Руханият • 16 Қараша, 2020
Еліміздің батысында көркем табиғаттың символына айналған, бөкейліктердің мақтанышы Құм-Нарын деген жер бар. Жер бедері дөңесті, жазық, басым көпшілігі Нарын құмы деп аталатын Қандыағаш, Дүйсе және Жасқұс атаулы үш орманды алқаптан құралып, шығыстан батысқа қарай созылып барып сілімтірленіп шағылға айналып кетеді. Осы үш орманды алқаптың аралығында әртүрлі көлемде бір-бірімен тұтасып жатқан ашық жерлер кездеседі, олар негізінде жазғы мезгілде шабындық, ал күзгі, қысқы уақыттарда мал жайылымына пайдаланылады.
Оқиға • 16 Қараша, 2020
Қайрат ақынға ескерткіш қойылды
Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы орталығында ақын Қайрат Жұмағалиевке ескерткіш-бюст орнатылды.
Қоғам • 16 Қараша, 2020
Отбасындағы қатыгездікті қалай азайтуға болады?
Өнегелі ұрпақ – берекелі отбасында тәрбиеленеді. Өкінішке қарай, жылдар жылжыған сайын елімізде шырқы бұзылмаған отбасылардың саны азайып барады. Әрине, ұрыспай, керіспей кереге кер деп отырған ешкім жоқ. Әрі-беріден соң, отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Жер бетінде қанша адам болса, соншама мінез-құлық бар. Алайда ашудың соңы әлімжеттікке ұласса қайтпек керек? Жыл басынан бері тұрмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін 19 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Ақпараттық технологиялар дамыған сайын ондай ұрыс-керісті, жаға жыртысқан жанжалды, ең сорақысы – ұрып-соғуды интернет желісінен күнде көретін болдық. «Білетінім – бір тоғыз, білмейтінім – тоқсан тоғыз» демекші, желіге жетпей қалған әлімжеттіктің саны қаншама десеңізші. Бұл сорақылық қашанға дейін жалғаса бермек? Оның алдын алудың жолдары қандай? Осы мәселені «Egemen Qazaqstan» газеті сарапшылардың талқысына салып, кәсіби мамандардың пікірін тыңдап көрді. Онлайн режімде ұйымдастырылған сауалнамамызға Мәжіліс депутаты Айгүл НҰРКИНА, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Мұрат БАЙМҰҚАШЕВ, Қазақстандағы «БҰҰ – әйелдер» құрылымының бағдарламалар менеджері, үйлестірушісі Дина ӘМРЕШЕВА, «#НеМолчиKZ», «#НеМолчиДетиKZ» қоғамдық қорларының жетекшісі Дина СМАИЛОВА, «Қорғау Астана» жеке қорының жетекшісі Анна РЫЛЬ қатысып, ойларын ортаға салды.
Елбасы • 16 Қараша, 2020
«Самұрық-Қазына» инвестхолдингке айналады
Елбасының төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.
Білім • 16 Қараша, 2020
Студенттер қағазбастылықпен қоштасады
ADAL BILIM жобалық кеңсесінің басшысы Талғат Нәрікбаев жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күресте технологиялық мүмкіндіктерді пайдалануды ұсынды. Оның айтуынша, академиялық қызметін ХҚКО (ЦОН) форматына көшірген оқу орындарында сыбайлас жемқорлық факторлары азайған. Бірақ бұл тәжірибе де бүгінгі күні ескірген және онлайн-форматқа толық көшуді талап етеді.
Пікір • 16 Қараша, 2020
Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ордалы отыздың шеруінде иықтасып нық басуға нұсқайтын бұлжымас бағыттары, Ұлт жоспары, «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» идеялары мемлекет дамуының ұзақ жылдарғы директивалық тезистеріне айналса, ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауынан туындайтын міндеттер бізді жаңаша жұмыс істеуге, мемлекеттік реформаларды табысты жүргізу жолында ақыл-ойымыз бен білім-білігімізді, қайрат-жігерімізді, ізденіс-іскерлігімізді жарқырата жұмсауға үндейді.
Таным • 16 Қараша, 2020
Біздің бұл мақаламызға арқау болып отырған Айтбай Нарешұлы – ұлағатты ұстаз, білім беру саласының білікті маманы, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері ретінде танылған тұлға. Осынау аяулы азаматтың ұлттық құндылықтарды аяусыз жаншып отырған коммунистік жүйеге қарсы бағытталған елшіл жастардың «ЕСЕП» (Елін сүйген ерлер партиясы) астыртын саяси ұйымындағы қайраткерлік қызметі айтылмай келеді.
Қазақстан • 15 Қараша, 2020
Н.Назарбаев орталығының БҰҰ-мен серіктестігі артып келеді
Қазақстан Республикасы 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған алғашқы күндерден бастап, БҰҰ-ның барлық негізгі органдары, соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің қақтығыстарды шешу, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, терроризммен күрес, конфессияаралық және ұлтаралық диалог сияқты басымдықтарды ілгерілету мақсатындағы жұмыстарына қатысады.
Аймақтар • 14 Қараша, 2020
Смағұл Садуақасұлының 120 жылдығына арналған жиын өтті
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекет және қоғам қайраткері, алаш азаматы Смағұл Садуақасұлының 120 жылдығына арналған «Қазағын қастерлеген қайсар тұлға» атты онлайн дөңгелек үстелін өткізді.
Саясат • 13 Қараша, 2020
Заңсыз қару сақтағандарды анықтады
Түркістан облысы полиция департаментінің бұйрығына сәйкес қараша айының 5-7-сі аралығында облыс көлемінде «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілген.