Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22272 материал табылды

Оқиға • 13 Қараша, 2020

Құжатсыз жүрген тұрғынға көмектесті

Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция депар­таментінде құжаттанбаған немесе КСРО құжатымен қалып қойғандарға құжат ре­сімдеу мақсатында көші-қон қызмет­кер­ле­рінен арнайы мобильдік топтар құрыл­ған. Осыған байланысты Мақтаарал АПБ-нің қыз­меткерлерінен құрылған мо­биль­дік топ халық арасында сұрастыру жұмыс­та­рын жүргізіп, құжаттанбаған тұр­ғын­ның ба­рын анықтаған. Содан кейін Мақта­арал ауданының тұрғыны Кульдастар Мир­­заеваға құжатын жасап беруге көмек берілді.

Саясат • 13 Қараша, 2020

Кезектен тыс онлайн-конференция

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парла­менттік Ассамблеядағы тұрақты комиссия­­лардың кезектен тыс бірлескен отырысы бейнеконференция байланысы сипатында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қоғам • 13 Қараша, 2020

Ерлердің ерлігі лайықты бағаланса екен

Әріптесіміз, журналист Баян Қуандыққызының «Egemen Qazaqstan» газетінде 2020 жылғы 10 қараша күні жарияланған «Іздеусіз ер, сұраусыз ерлік» мақаласын үлкен ризашылықпен оқып шықтық. Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан Серікбай Тұрлыбаевтың анасы Сәпен апаймен жүздескен журналистің әрбір сөзін тебіренбей оқу мүмкін емес. Баян Қуандыққызы бұл мақаланы Сәпен апай мен өзінің атынан ғана емес, барлық ауған соғысына қатысқан сарбаз аналардың атынан жазып отырғандай ерекше әсер қалдырады.

Қоғам • 13 Қараша, 2020

Волонтерлік – асар емес

Бізде волонтерлік туралы сөз қозғағанда оны асармен байланыстыра қарау бар. Волон­терлік қызметтің ұйымдасқан немесе ұйым­даспаған түрде жүргізілетіні белгілі. Сондықтан сол ұйымдаспаған, яғни өзді­гі­нен атқарылатын бір мезгілдік, бір реттік және эпизодтық қоғамдық жұмыстар кезінде асардың кейбір белгілерінің болуы бұ­лардың арасында тек жалпы ұқсас­тық­тың бар екендігін меңзеуі мүмкін.

Қаржы • 13 Қараша, 2020

Экономикалық жаңғыруға бастаған алғашқы қадам

КСРО ыдырағаннан кейін кеңестік валюта – рубль тәуелсіз дамудың алғашқы кезеңінде барлық посткеңестік мемлекеттерге, оның ішінде ТМД-ға кірмеген елдерге мұра болып қалды. Бірқатар себептерге байланысты, ең алдымен саяси сипатта, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке деген ұмтылысы, сондай-ақ социалистік директивалық экономика моделінен заңнаманы нарықтық тез заңдастыруға көшудің мүмкін еместігі салдарынан біртұтас валюта (рубль) аймағын сақтау сәтсіздікке ұшырады.

Қоғам • 13 Қараша, 2020

Ардагерлерді алаламайық

Биыл мамыр айының басында Мемлекет басшысы «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды. Бұл – ардагерлер қауымы сағына күткен заң еді. Осы заңның аясында «Ардагер» деген атымыз бен затымызды, әлеуметтік құқығымызды, қоғамдағы өз орнымызды заңмен бекітіп, айшықтағандаймыз. Алайда аталған заңда ҰОС, Ауғанстан, Ирак, Қарабақтағы, тағы басқа да жекелеген соғыс ошақтарының, сондай-ақ 1986-1987 жылдардағы Чернобыль апатының зардабымен күресу бағыттары ғана негізге алынған сияқты. Тіпті өзіміздің Семей сынақ алаңы да, ештеңе болмағандай-ақ, Чернобыльдің көлеңкесінде қалып қойған тәрізді.

Таным • 13 Қараша, 2020

Бағаев лабораториясы

Бауыр басқан Зекең – Зейнулла Жарқынбаев редакторлықтан босады. Қым-қуыт әңгіме өрбіді. Неге босады? Арыз жазғыштардың қардай борап тұрған кезі. Бірер азаматтың арызымен мұның алдындағы редакторымыз Хамза Сыздықов орынбасарлыққа төмендеген еді. Ал Зекең төмендемеді, облыстық Кеңес төрағасының орынбасары болды. Ол кісі – әскери адам. Ешкімге илікпейтін, Кеңес төрағасы Ә.Асқаровпен шәлкем-шалыс келді деп еститінбіз. Зекең үзеңгі қағыстырып, тік айтар мінезін Кеңес төрағасымен қызметтес болғанда да байқатты. Тумысы бөлек атбегі Көштай атаның тәрбиесін көрген Зекеңнің тура бидей тіке айтатын мінезіне қайран қалатын едік.

Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Елордада Nur Otan партиясының қалалық сайлауалды бағдарламасы бекітілді

Елордада "Nur Otan" қалалық филиалының конференциясында мәслихатқа партиялық тізім қалыптастырылып, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне кандидаттар анықталды. Сондай-ақ, қалалық сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, партияның XX съезіне қатысу үшін делегаттар сайланды, деп хабарлайды "Nur Otan" Орталық аппаратының баспасөз қызметі.

Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Елордаға қыс келгенде (фоторепортаж)

Табиғаттың қай мезгілін алсаңыз да өзіне тән сұлулығы ерекше атмосфера сыйлайды. Ал біз оқырмандар назарына қыс келбетін көрсетіп, әдемі суреттермен бөліспекпіз.

Қоғам • 12 Қараша, 2020

Арман Шораев: Бізге латын әліпбиіне көшу ауадай қажет

Қоғам қайраткері Арман Шораев еліміздің латын әліпбиіне көшуі айрықша қажеттілік деп санайды.