Оқиға • 02 Қараша, 2020
Әкелерді ұлықтауға арналған жиын
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Бүгінгі күннің әкелері» тақырыбына V республикалық әкелер форумы офлайн және онлайн форматта өтті.
Руханият • 02 Қараша, 2020
Тарихи атауларды анықтауға арналды
Ақмола облысында «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты облыстық онлайн (ZOOM платформасында) байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстың ішкі саясат департаментіне сілтеме жасап.
Руханият • 02 Қараша, 2020
Түркиядағы «Ферфир» баспалар тобы тарапынан ай сайын шығатын «Темрин» әдеби журналының кезекті саны мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловқа арналды.
Оқиға • 02 Қараша, 2020
Руханият қолдаушысы (Зейнолла Сәнік атындағы кабинетке 60-қа тарта қаламгердің кітабы тарту етілді)
Биыл белгілі қаламгер, этнограф, баспагер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, түрлі тақырыпта жазылған 15 томдық кітаптың авторы Зейнолла Сәніктің туғанына 85 жыл.
Руханият • 02 Қараша, 2020
Шет тілін білуді ана тілінен бастау керек
Көп тілде сөйлесе алатын бәсекеге қабілетті еліміздің ұл-қыздарының қатары күн санап артып келе жатқаны қуантады. Көп тіл білу – көптік етпейтіндігі де рас. Десек те, шет тілдерін меңгеруде және үш тұғырлы тіл саясатын іске асыруда басты назарда болуы тиіс ұстанымдар туралы сөз еткенді жөн көрдік.
Спорт • 02 Қараша, 2020
Барлық мәселе – ұлттық намыста!
Білікті журналист Бекен Қайратұлының «Egemen Qazaqstan» газетінің 7 қазан күнгі санында жарияланған «Дағыстандықтар дес бермей тұр» атты зерттеу мақаласының көлемі шағын болғанымен, арқалаған жүгі жүз атанның белін қайыстырғандай екен. Кейінгі елу жылда күрестің басы-қасындағы жұртшылық көп талқылап, жиі қаузаған әңгіме.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Сапқа тұратындардың сапасы жоғары болуы керек
Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына барды.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Рас, алтын бесік малымен ажарлы. Алайда қазіргі ауылдардың айналасының ажары тайып барады. Оның басты себебі – мыңғырған мал. Үкіметке алақан жаймай, малын баққан азаматқа алғыс айтамыз. Бірақ мал жиюдың жолы осы екен деп ауылдың да ажарын ұмытпауымыз керек.
Өнер • 02 Қараша, 2020
Лондондағы қазақ суретшілерінің көрмесі
Қазақстандық суретшілер Алмагүл Меңлібаева және Ербосын Мелдібековтің шығармалары британдық көрерменге жол тартты. Лондондық Cromwell place көркемөнер галереясына олар өздерінің өзектілігі жоғары ескі және жаңа туындыларын шығарды.
Тарих • 02 Қараша, 2020
Ақталмай қалған арыс (Қазақтың алғашқы ұлттық әскери маманы Айтқали Абылаев туралы не білеміз?)
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсыруы жұртшылық тарапынан қолдау тапты. Өйткені Кеңес өкіметінің 1920-1950 жылдардағы асыра сілтеп, озбырлықпен жүргізген саясатын әшкерелейтін тарихи әділдік шаң басқан құжаттар архив қорларында ашылмай жатыр. Ұлт тарихының ақтаңдақ беттерін қайта саралап, зерделейтін уақыт жетті.