Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19844 материал табылды

Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Қазақстан қалаларындағы 13 мамыр күнгі ауа сапасы туралы болжамын «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қоғам • 13 Мамыр, 2020

Ауылдан ақсақал көшкен соң, өзгеге не жорық?!

Ауылдағы қаңырап бос қалған, бұзылған үйлерді көргенде жүрек тұсы­мыз шаншып, сыздап қоя береді. Өйткені ауыл бәріміздің ал­тын бесігіміз. Алтын бесік елсіз далада бос қалса, бәрімізге сын.

Медицина • 13 Мамыр, 2020

Қашанда құрметке лайық

Бүгінде Созақ аудандық орталық ауруханасында 508 орта буын медицина маманы халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Оның 29-ы акушер, 20-сы фелдьшер, 24-і зертханашы, 5-еуі рентген лаборанты, 2-еуі тіс технигі болса, 427-сі медбике.

Қоғам • 13 Мамыр, 2020

Заманның ойлы да талапты сөзі

Дүбірлі дүниенің дүрмегі көбейіп барады. Өз жаратылысынан бері адам баласында маза жоқ. Жақсы өмірге, тыныш та бейбіт тұрмысқа қол жеткіземіз деп талпынып-ақ жатырмыз. Сол жақсы өмірді кейде қолға қару алып та орнатпақ болған жағдаяттар аз болған жоқ. Ғарышқа да шықтық, адам баласының табаны айға да тиді. Ақыл мен ми жете бермейтін ғылыми және техникалық жаңалықтар мен қаншама жетістіктерге куә болып көз көріп, солардың игілігін көріп те жатырмыз. Бірақ жан баласында тыныштық жоқ...

Саясат • 13 Мамыр, 2020

Президенттің алғысы ұстаздарға күш-жігер берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты қазіргідей коро­навирус індеті жер-жаһанды шар­пып отырған әлемдік дағдарыс кезін­де елімізді сол қиындықтардан сүріндір­мей алып шығуға бағытталған бағдар­ламалық сұхбат болды десек асыра айт­қанымыз емес.

Сұхбат • 13 Мамыр, 2020

Маңызды сұхбат

«Egemen Qazaqstan» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады» атты сұхбаты жарық көрген екен. Сұхбатта Мемлекет басшысы еліміздің кезектегі және болашақтағы маңызды мәселелеріне кеңінен тоқталып, бағыт-бағдарымызға жөн сілтеніпті. Бұл сұхбат емес, келелі кеңес дер едім. Жұрттың көңілін мазалаған көптеген сауалдарға ашық жауап айтылып, «ертең не болады?» деген алаңдауды дәйекті де сенімді тұжырыммен тарқатылыпты.

Таным • 13 Мамыр, 2020

Шеберлікті шегінен асырған шандоз (Театр және кино өнерінің ғажайып суреткері Нұрмұхан Жантөрин туралы баян)

Иә, киелі өнердің патшалығына барар жол оңай деп кім айтты, оның алтын қақпасы тек шындыққа, тазалыққа, ащы терін шелектеп төккен шынайы талантқа ғана ашылатынын терең түсінген сахна сардарының бірі – Нұрмұхан Жантөрин еді. Адамдар неге ұмытшақ, неге ғапыл, өшпес мұра қалдырған талай жақсыларын кейде ұмытып кетеді.

Тарих • 13 Мамыр, 2020

Абылайдың ақ үйі – патриотизм ошағы

Петропавлда «Абылайдың ақ үйі» аталған тарихи үйдің қирап, сүрудің аз-ақ алдында қалған жерінен оның баға жетпес ескерткіш екенін дәлелдеп ақсақалдар мен журналистер аман алып қалған еді. Әсіресе, қазір «Егемен Қазақстанның» Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болып жүрген Жақсыбай Самрат ағамыздың еңбегі зор.

Руханият • 13 Мамыр, 2020

Қан майданның куәгері

Шалқар ауданынан соғысқа 7200-дей жауынгер аттанып, 1500-ге жуығы ғана елге аман-есен оралған. Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесін аудан бойынша жалғыз ардагер тойлады. Оның есімі тоқсаннан асса да салтанатты шаралардың сәнін кіргізіп, шаршы топта көпке батасын беріп жүрген Шудабай Тақай. Уақытында қария тыл мен майданда тең жүріп тер төгіпті. Бұлай деуге оның өмір жолының өзі дәлел. Шудабай ата 1926 жылы ауданға қарасты Жаңажол колхозында дүниеге келеді. Ол кішкентайынан ат жалында ойнап өседі. Өйткені оларды заманы солай ыңғайлап, бұғанасы бекіместен ауылға тән қара жұмысқа жегеді.

Таным • 13 Мамыр, 2020

Адай жылқысы һәм «полк баласы»

1943 жылы жылдың көктемі. Тұщықұдық-Шебір өңірі құл­пы­рып тұр. Терістік беттегі құмды өңір­лерде құмаршық сияқты азық­тық өсімдік түрлері де көріне бас­таған-ды. Ауызы аққа тиген мал­шы ауылдар да бір жасап қал­ды. Жазғытұрымғы ақ жаңбыр да әлсін-әлсін төгіп жерді де, елді де қуанышқа бөледі. Әйтсе де ауыл адамдарының жүзінде күлкі жоқ. Өйткені Батыста қанды қырғын толастамай тұр. Ел іші жылау-сықтау, жиі келіп жататын «қара қағаз» қайғы-мұңды арқалап, көз жасын көлдетті. Осы жылы майданға тек адамды ғана емес, Адай жылқысын алу үрдісі бас­талды. Себебі бұл жылқылар ұзақ жүріске де, мініске де төзімді. Маңғыстау ауданынан «Консоюз» мекемесі арқылы 2000-ға жуық жылқы, оның алғаш­қы легі, яғни 480 басы 1942 жылы майданға оқтын-оқтын жөнел­тіле берді...