Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22276 материал табылды

Саясат • 28 Қазан, 2020

Трамптан кейінгі әлемдік тәртіп

«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Испанияның сыртқы істер министрі қызметін атқарған Ана Паласио 3 қарашада өтетін АҚШ президентінің сай­­лау­ына тоқталады. Автордың айтуынша, мұхиттың арғы бетіндегі сайлау АҚШ-қа ғана емес, бүкіл әлем үшін маң­ызды. Өйткені Батыстың алдағы 4 жылда қандай саясат ұстанатыны сайлауда кімнің жеңіске же­те­ті­ні­не ті­ке­лей байланысты. Өйткені бұған дейін Дональд Трамп бірнеше халықаралық келісімнен шық­қан-ды. Ал­да-жалда Джо Байден Ақүй тізгінін ұстап жатса, АҚШ-тың саясаты өзгеруі мүмкін. Осылар тура­лы ой түй­ген автор Американың келешекте жаһандық тұрақтылықты сақтауға мұрындық болуы тиіс деп есептейді.  

Әлем • 28 Қазан, 2020

Арктиканың маңызы арта түседі

«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Оқырман назарына ұсынылып отырған екі мақала да қазіргі таңда өзекті екені сөзсіз. Бұған дейінгі нөмірімізде Нобель сыйлығының лауреаты Марио Молинаның бүкіл әлемге төніп тұрған қатер – жаһандық жылыну туралы мақаласын жариялаған едік. Онда автор Арктиканың еруін жер-жаһанның дәл төбесінде тұрған «бомбаға» теңеп, Солтүстік полюстегі әр мұздық еріген сайын «бомбаның» жарылатын уақыты жақындап келе жатқандай әсер қалдырады деп ой түйіндеген еді. М.Молинаның мақаласының жалғасы іспетті бүгін Арктика мәселесіне қатысты екінші мақаланы ұсынып отырмыз. Швецияның премьер-министрі қызметін атқарған Карл Билдт өз мақаласында Арктика мұзының еруі аймақтағы ахуалды күрделендіре түсетіні туралы ой қозғайды. Оның айтуынша, мәңгілік мұз жабынының жойылуымен мұндағы мол ресурстарға талас басталуы әбден мүмкін. Біріншіден, Арктиканың астында қазба-байлық көп. Қазіргі таңда бұл өңірге Арктика Кеңесіне мүше 8 мемлекет иелік етсе, келешекте Солтүстік полюске қызығатындар саны артпаса, кемімейді. К.Билдттің пайымдауынша, екінші мәселе – Арктика арқылы өтетін теңіз жолының қысқалығы да маңызға ие. Бұл да келешекте дауға айналуы мүмкін.  

Руханият • 28 Қазан, 2020

Хакім тұлғасы – халық жүрегінде

Жуырда Ақпарат және қо­ғамдық даму министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен жас ақын­­­дар арасында өткен рес­­­пуб­ли­калық мүшәй­ра­ның қо­рытындысы бел­гілі болды.

Қоғам • 27 Қазан, 2020

Айына 400 мың дана бетперде тігеді

Пандемия кезінде таптырмас заттардың бірі қорғаныш құралдары болды. Алматы облысында аталған жабдықтарды шығаратын цех жұмыс істейді. Кәсіпорын атауы – «Техно Авиа Груп» ЖШС. Сәуір айында облыс орталығы Талдықорған қаласынан ашылған еді. Енді өрістері кеңейіп, Текелі қаласынан орын теуіп отыр.

Медицина • 27 Қазан, 2020

Бастапқы медициналық-санитарлық көмекке арналады

2020 жылғы 27-28 қазан аралығында Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығы «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-пен бірлесіп, ДДҰ медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету бойынша еуропалық орталығының қатысуымен МСАК жөніндегі Алматы декларациясының 42 жылдығына, академик Төрегелді Шармановтың 90 жасқа толуына және Қарағанды медицина университетінің 70 жылдығына арналған «COVID-19 – МСАК үшін үлкен сабақ» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Пікір • 27 Қазан, 2020

Мақсат – халық сенімін ақтау

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Полицияның халық санасындағы образы – ол мемлекеттің күштік құралы» деген ойдан арылып, шын мәнінде халыққа шынайы қызмет көрсететін, сервистік модельге көше отырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен конституциялық құқығын қамтамасыз ететін органға айналуы қажет деген тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі басшылығы 2020 жылдың соңына дейін Әкімшілік полиция комитетінің кейбір құрылымдарын заман талабына сай қайта құру іс-шараларын жүйелендіру жұмыстарына кірісіп кетті.

Руханият • 27 Қазан, 2020

Өз еліңдей ел болмас

Қазақстанда тұратын этностардың тарихына көз жүгіртсеңіз, әртүрлі тағдырлар мен өмір иірімдерін көресің. Мәселен, өткен ғасырдың елуінші жылдарының соңы мен алпысыншы жылдардың басында КСРО-ның әр түкпірінен жастарды еліміздегі тың игеру жұмысына тартқан болатын. Қасиетті қазақ жеріне келген түрлі этнос өкілдері тамырын тереңге жайды. Олардың ұрпақтары бүгінде бірлігі мен татулығы жарасқан елімізге тастай батып, судай сіңді. Ұлттық ұлан қа­та­рында да мұндай азаматтар баршылық. Еліне адал қыз­мет атқаруда. Аға лейтенант Ярослав Аникаев – солардың бірі.

Тарих • 27 Қазан, 2020

Мұрат Мөңкеұлы мұрасы: топонимикалық деректер

Ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұрған ұлы суреткер Мұхтар Әуезов: «Біздің қазақ жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да, жер, су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», деген еді. Зар заман ақындарының көшін бастаған Мұрат Мөңкеұлының шығармаларындағы жер-су аттарының түп төркініне үңіле қарап, бір сәулелі дүниені аңғарғандай болдым. 

Таным • 27 Қазан, 2020

Жошы ұлысы

(Жалғасы. Басы 204-нөмірде) Бату бастаған әскер Ока өзенінің бойымен Коломнаға беттеді. Владимир­дің ұлы князь Юрий Всеволодовичтің ұлы Всеволод бастап келген қолы Ря­зань қосындарының қалған-құтқан сі­лем­дерімен Коломнаны қорғамақ бол­ған әрекетінен ештеңе өнбеді. Рязань князі Роман Игоревич өліп, Всеволод шағын қосынымен Владимирге қашып құтылды. Содан кейін моңғол қолы, Джувейнидің айтуынша «М.к.с.» деген қалаға беттеді, орыс ғалымдары «М.к.с.»-тің Мәскеу екеніне күмән кел­тірмейді. Ол Владимир князьдігіне ба­ғынышты жаңадан салынған қала бол­ғанмен, халқы өте көп еді. Джувейни: «Халқы құмырсқадай, болмаса шегірт­кедей қаптаған қала еді, айналасы саз балшық және ну орман, орманының қалыңдығы соншалық – жылан жылжып өте алмастай еді. Моңғол патшазадалары қаланы жан-жағынан қоршап, ағаштарды отап шауып, қатарынан үш-төрт арба өтетіндей ғып жол салып, сол жолмен тас ататын қаруларын сүйреп әкелді. Бірнеше күннен кейін қаланың өзі жоқ, аты ғана қалды. Ханзадалар қолға түсіп тұтқын болғандардың оң құлағын кесуге жарлық шығарды. 270 мың адамның құлағы кесілді», деп хи­каялайды (Ата-Малік Джувайни. Тарих-и Джахангушай // История Казахстана в персидских источ­никах. Т.IV. А-ты, 2006. 59-59 бб.). Ра­шид-ад-диннің мәлім­деуінше: Мәс­кеуді «бес күнде жермен жексен етті».

Тарих • 27 Қазан, 2020

Қазаннан келіп, қазы атанған (Ішкі орда хандары туралы кітапша жазған Сабыр Хаммадов туралы білеміз бе?)

1906 жылы Қазан қаласындағы Каримовтер баспасынан шағатай тілінде С.Хаммадовтың «Ішкі Орда қазақ хандары туралы» атты кітапшасы жарық көрген. Аталған кітап бұл күндері Ресей Федерациясы мемлекеттік кітапханасының қорында сақтаулы тұр. Ал оның авторы Сабыр Хаммадов деген кім еді? Бұрын бұл азамат туралы неге естілмеді?