Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22276 материал табылды

Руханият • 21 Қазан, 2020

Дінаралық саммиттің исламдық келбеті

Ислам дінінің бүгінгі Қазақстан жеріне таралуы бірнеше ғасырларға созылған болатын. Бастапқыда ислам оңтүстік өңірлерге ене бастады да, X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. Қазақ жері әр-түрлі діндердің тоғысқан жері болғандығына қарамастан ислам дінін қабылдау  бейбіт түрде жүргізілді.

Саясат • 21 Қазан, 2020

Халықаралық әуе рейстері азаяды

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 19 қазандағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ден­сау­лық сақтау министрлігінің ұсыным­дарын, Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының (ДДҰ) картасына сәйкес эпи­демиялық жағдайдың дең­гейін ескерді.

Руханият • 21 Қазан, 2020

Оңалту қызметіне қосылған үлес

Дана халқымыз денсаулықтың қадір-қасиетін «Қырық тістің қадірін қақса­ғанда білерсің, қос аяқтың қадірін ақса­ғанда білерсің» деп философиялық шу­мақпен өріп, бір түйген екен. Сәл тар­қатып айтар болсақ, денсаулық адамға үздіксіз жұтатын кәдімгі ауа секілді аса қажет фактор. Яғни денсаулық бар кезде оның қажеттілігін терең сезіне бермейміз, оған қалыпты болуға тиісті дүниедей қараймыз.

Медицина • 21 Қазан, 2020

Алматыдағы ауруханаларды аралады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы қаласындағы А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жұмысымен танысты. Ведомство басшысы орталықтағы клиникалық-диагностикалық зертханада, рентген-хирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімшесінде, сондай-ақ гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауыр трансплантациясы бөлімшесін аралады.

Президент • 21 Қазан, 2020

Мемлекет басшысының Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі

Құрметті отандастар! Бүгін мен Парламент Мә­жі­лісі депу­таттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Ор­та­лық сайлау ко­мис­сиясының қаулысымен бар­лық деңгейдегі мәслихат депу­тат­тарының сайлауы тағайын­далады.

Президент • 21 Қазан, 2020

Президент Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таным • 21 Қазан, 2020

«Көкейтесті» күйінің шығу тарихы

Арқа күй өнерінің классигі, ғажайып музыкасымен қазақ түгілі, Ресейдің патша сарайын тәнті қылған Тәттімбет Қазан­ғап­ұлының артында қалған мұрасы – халқымыздың рухани бай­лығы, баға жетпес қазынасы. Оның «Саржайлау», «Сылқылдақ», «Бес төре» сияқты күйлерінің көркемдік дең­гейіне жетерлік шығармалар некен-саяқ деуге болады. Осы қатар­да екі ғасырға жуық уақыттан бері тартылып келе жатқан «Көкей­тесті» күйінің орны бөлек.

Оқиға • 21 Қазан, 2020

Қауыннан чипсы жасап шығарған

Жас та, кәрі де жеуден жалықпайтын чипсының жаңа түрін шығаруға қызылордалық кәсіпкер жең түре кірісті. Көзге үйреншікті картоптан емес, кәдімгі өзіміз сүйсініп жейтін қауыннан дайындалады екен. Бұл жайында қала әкімінің баспасөз қызметі хабар таратқан еді.

Руханият • 21 Қазан, 2020

Неге оң жақта отырып қалады?

Бірде тарихи түсірілім барысында оператормен келіспей қалдық. Киіз үйдің іші. Төрде үй иесі отыр. Есіктен екі бөтен кісі кіреді. Кіреді де екі жаққа жарылып үй иесінің қарсы алдына отыра қалады. Яғни, біреуі үйдің оң бөлігіне, біреу қазан жақ бөлігіне отырды. Оң жақ дегеніміз төрде отырған адамның оң жағы, қазан жақ дегеніміз сол жағы екені түсінікті болар. Содан басталды әңгіме. «Бөтен кісі бұлай отырмайды, қазіргі уақыт болса жарайды дер едік, бұрынғы заманға сай емес», дедім. Оператор жарықтың түсуіне, картинаның көрнекі болуына байланысты өз ойын айтып, «онда тұрған не бар?» дейді. Сөйтіп түсірілімді тоқтата тұрып, әңгімені арыдан бастауға тура келді.

Қоғам • 21 Қазан, 2020

Белсіздік пен бедеуліктің себебі

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында әрбір алтыншы отбасы бала сүюге зар болып отырғанын айтты. Басқа өңірлерді білмеймін, осы жуырда ғана Ақтөбе облысында нәресте сүйе алмаған 362 отбасының жасанды ұрықтандыру әдісіне жүгіну үшін кезекте тұрғанын жаңалықтан тыңдадық. Бұл ойланатын жағдай. Әрі мұның себептері де жетерлік.