Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22276 материал табылды

Таным • 20 Қазан, 2020

Әл-Фараби әлемі және қазіргі Қазақстан

Ұлылық ұлағаты Биыл дала данышпаны, адамзаттың «екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толды. Бұл – тарихымыздағы тағылымды белестің бірі. Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтулы датаны еліміз және әлемдік деңгейде атап өту жөнінде арнайы шешімін шығарды. Бұл орайда  Ұлы даланың ұлағатты ойшылдары Абай мен Әл-Фараби мерейтойларының тұспа-тұс келуін рухани сабақтастық деп бағалауымыз керек.

Қоғам • 19 Қазан, 2020

Қоғамның "Nur Otan" партиясына көзқарасы қандай?

Қоғамдық саясат институтының қазан айындағы сауалдама нәтижелеріне сәйкес азаматтардың "Nur Otan" партиясын қолдау деңгейі 76,8% құрайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 19 Қазан, 2020

Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған халықаралық форум өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Жібек жолында өркениеттер үндестігі" атты халықаралық форум өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 19 Қазан, 2020

Олимпиада, әлем чемпиондары қанат қаққан университет

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің еліміздегі іргелі жоғары оқу орындары арасында салмағы бар екенін көпшілік жақсы біледі. Алқаның екінші жағы бар дегендей, университет қабырғасында оқып жүргенде дене тәрбиесімен шұғылданып, халықаралық жарыстарда топ жарған саңлақтардың көп екенін көпшілік біле бермес. Қазір де оқу орнының студенттері, Президент Қ.Тоқаев айтқандай, бұқаралық спортқа ден қоюда. Әрине пандемияның аяққа тұсау болғаны сөзсіз. Сонда да студенттер амалын тауып өздері ұнататын бұқаралық спортты насихаттап жүр. Біз университет ректоры Мұхтар Төлегенге жолығып, оқу орнындағы жаңалықтар, биыл құрылғанына 55 жыл толған факультетте осы уақытта қанша кадрлар даярланғаны, дүбірлі жарыстарда қандай нәтижелерге жеткені жайлы айтып беруін өтінген едік.

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Сыр еріктілерінің еңбегі ерен

Ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өсиеті – биылғы Волонтер жылының туы іспеттес. Атаулы жылға арнал­ған шараларда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «біреуге қолұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқы­мызда осындай береке-бірлікке шақыратын Асар дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз» деген еді.

Оқиға • 19 Қазан, 2020

Жаңа еңбектер жарық көрді

Елімізге белгілі жоғары оқу орындарының бірі – Қайнар академиясында ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиевтің қос кітабының таныстырылымы болып өтті.

Абай • 19 Қазан, 2020

Томас Густав Виннер. Үш дәстүрді ұштастырған

(Соңы. Басы 198-нөмірде) Өз халқының көпшілік бөлігінің төл мәдени мұрасының асылдарын ұмыта бастағанына және орыс бас­қын­шыларының ыңғайына жығылу­ға бет алғанына Абайдың жаны күйзел­ді. Ол Ресей әкімшілігі үшін жайлы тіл­­маштар мен жандайшаптар даяр­лауға ғана жеткілікті мөлшерде аздап сауат аштыратын орысша білім беру ісінің сыңаржақтығын сынады.

Қоғам • 19 Қазан, 2020

Парасаттылықты ілгерілету идеясы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігі парасаттылық идеология­сын ілгері­летудің жаңа әдісі ретінде еліміздің қалалары мен ауылдарының орталық көше­леріндегі көпқабатты үйлердің қасбетіне сыбайлас жемқор­лыққа қарсы муралдар салу туралы бастама көтерді.

Қазақстан • 19 Қазан, 2020

Тоғызыншы территория: көшті қайта жандандыру керек

Еліміз егемендік алған тұста, яғни тоқсаныншы жылдардың басында демографиялық салада көңілге қаяу салған жайттар аз болған жоқ. Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамында болған одақтас республикалар жеке-жеке отау құра бастағанда қазіргі ТМД аумағындағы көші-қон үдерісі қарқын алды. Бір ғана 1991-1995 жылдар аралығында Қазақстаннан 3,5 миллион адам тарихи отанына көшіп кетті. Бұл жағдай дүниежүзілік саяси картада ойып тұрып орын алған, жер аумағы бойынша тоғызыншы орынға тұрақтаған Қазақ елінің демографиялық ахуалына кері әсер етті. Міне, осы кезеңде өткен ғасырдың алғашқы жартысында орын алған алапат ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін кезінде бүкіл әлемге тарыдай шашыраған қандастарымызды тарихи Отанына қайтару жұмысы қолға алына бастады. Содан атажұртқа ұлы көш ағылды. Осы мәселеге қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде «Кезінде тәуелсіздік алған тұста, 1991-1995 жылдары Қазақстаннан 3,5 миллион халық көшіп кетті. Сол көрсеткіш бойынша халық саны 14 миллионға дейін түскен. Қазіргі уақытта қайта қалпымызға келіп жатырмыз. Оның ішінде 1 миллионнан астам қандасымыз сырттан келді», деген еді. Жалпы, көші-қон саласында жалпақ жұрт біле бермейтін өзіндік проблемалар бар. Олар өз кезегінде еңсерілуі тиіс. Осы орайда «Egemen Qazaqstan» газеті атажұртқа ат басын бұрған қандастар, шеттегі ағайынды елге шақыру мәселелерін жиі көтеріп келеді. Бүгін де біз аталған тақырыпта сарапшылардың қатысуымен онлайн режімде дөңгелек үстел ұйымдастырып отырмыз. Дөңгелек үстел жұмысына Парламент Сенаты­­ның депутаты Мұрат Бақтиярұлы, ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасы­­­ның орынбасары Сабыржан Сейітжанов, «Отандастар» қорының вице-пре­зи­денті Мағауия Сарбасов қатысып, пайымды пікірлерін ортаға салды. Сон­дай-ақ еліміздегі ішкі көші-қон саласындағы игі бастамаларға ұйытқы болған азаматтық қоғам өкілдері де осы дөңгелек үстел жұмысына қатысқан еді. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Подгорное елді мекеніне  Арыс қаласынан қоныс аударған ерікті Серік Әлтаев, Түркістан облысы Ордабасы ауданынан қоныс аударып, Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы Сорочинка селолық округінің әкімі атанған Берік Қалмұратов бар.

Қоғам • 19 Қазан, 2020

Алимент жауапкершілігі жоғары

Бала жауапкершілігі – ата-ана мойнында. Алайда баланы өмір­ге әкелгенмен әртүрлі себептермен ажырасқан ата-аналар­дың ортақ бала үшін жасалар жағдайдан жалтаруы жан ауыр­тады. Ересек адам ретінде өз жауапкершілігін сезініп, кейін өз баласының алдында кібіртіктемеуі үшін заңмен бекі­тіл­ген али­ментті өз еркімен, өз қалауымен төлейтін азаматтар аз емес. Ке­рі­сінше, ажырасқан отбасын әуре-сарсаңға салып ізде­­тіп, жұ­мыс орнын жасырып дегендей әбігерге салатын әке­лер де көп кез­де­седі.