Білім • 13 Қазан, 2020
Гуманитарлық бағыттар бойынша әлемнің үздік университеттерінің 77 оқулығы қазақ тіліне аударылып, басылып шығарылды. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқулықтар еліміздің барлық жоғары оқу орындарына жеткізілді. Бүгінгі таңда аударылған тағы 23 оқулықты басып шығару және тарату бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Бүгінде бүкіл адамзатты толғандырып, әлемді дүрліктірген пандемия өмірімізді өзгертіп жіберді. Тіпті көптеген дамыған, алдыңғы қатардағы мемлекеттер экономикалық-әлеуметтік дағдарысқа ілікті. Соның салдарынан ел-жұрт әлі де қалыпты тіршілік ауанында өмір сүре алмай келеді. Қауіп аздап болса да сейілгенімен, халықта қорқыныш, үрей басым. Өйткені Еуропа мен Америка құрлығында індеттің екінші толқыны күн санап мыңдаған адамды ауруға шалдықтырып, көптеген жан көз жұмуда.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Ел арасында аң аулауға, браконьерлік іс-әрекеттерге қатысты, оның шариғи үкіміне байланысты түрлі сұрақтар мен пікірлер бар. Аңшылықты қолдайтын топ оған шариғатта рұқсат берілгенін алға тартса, екінші тарап «оған ешқандай қажеттілік жоқ, қазір аш қалып, аң аулап, тіршілік кешкен заман емес», деген пікір білдіруде. Әрине, әр адам бір мәселеге бірнеше ракурстан қарайды. Бұл – заңды құбылыс.
Президент • 13 Қазан, 2020
Президент әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқеав «2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 13 Қазан, 2020
Өмір қай заманда болса да күрделі. Қырғын соғыссыз-ақ, жымыңдасып, күлісіп, арқадан қағысып, бір ұлтты бір ұлт қақалмай-ақ жұтып қойып жатқан мына уақытта өмірдің күрделілігі тіпті шығандап кеткен. Қай халықтың болмасын естияр азаматы елімнің ұлттық кейпін, ішкі реңін қалай сақтаймын деп жанталасқан тұс. Осы алмағайып тұста БАҚ-тың қай-қайсысы болмасын өз халқымыздың ұлттық мәйегін өскелең ұрпаққа сіңіре білсе екен, болашағына бағдар бере білсе екен деп тілейсің.
Сұхбат • 13 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты «Наз» мемлекеттік би театры өткен айда кезекті XIII маусымын жастарға арналған «Уақыт-Өмір» философиялық, хореографиялық спектаклімен ашты. Онлайн форматта өткен жаңа маусымдағы қойылым – театр репертуарындағы алғашқы музыкалық туынды. Мұнда ән мен би қатар орындалатындықтан, жобаны театр әртістерінің сахнадағы тағы бір тың ізденісі деуге толық негіз бар. Замандастардың бүгінгі тыныс-тіршілігі бейнеленген заманауи сипаттағы философиялық ойға құрылған спектакльдің қоюшы-хореографы, бүгінде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында кәсіби біліктілігін жетілдіріп жүрген жас маман Светлана ДОМИНСКАЯ музыка мен пластиканың өзара үйлесімді үндестігінен туған сахналық қойылымның тәрбиелік мәні мен мұнан басқа да сан-сапат ерекшелігін тілге тиек етті.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
«Еңбек» бағдарламасынан – кәсіпкерлікке
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында бөлінген гранттар мен шағын несиелер арқылы Ақмола облысының тұрғындары табысты түрде бизнес бастауда.
Өнер • 13 Қазан, 2020
«Планета қауіпсіздігін пайымдау» (Алматыда британдық фотограф Мэнди Баркердің көрмесі ашылды)
Қазақстанда тұңғыш рет көптеген беделді марапаттардың иесі, әйгілі эко-фотограф Мэнди Баркердің көрмесі ашылды. Телли галереясында қазақстандық фотосурет өнерін бағалаушыларға ұсынылған Мэнди Баркердің теңіздердегі пластикалық қалдықтар туралы фотосуреттері соңғы 10 жылда бүкіл әлемге танымал болды.
Аймақтар • 13 Қазан, 2020
Жасыл желекпен абаттандырылады
Басын ақ қар басқан Алатаудың баурайындағы ару Алматыда абаттандыру жұмыстары бүгінде қай деңгейде? Бұл туралы жақында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында белгілі болды.
Руханият • 13 Қазан, 2020
1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылғанда оның мүшесі ретінде сайланған 14 академиктің ішіндегі ең жасы, президиум мүшесі, Қоғамдық ғылымдар бөлімінің төрағасы, 1951-1956 жылдары Ғылым академиясының вице-президенті, Қазақ КСР-нің ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Нығмет Тінәліұлы Сауранбаевтың туғанына биыл 110 жыл толады.