Елбасы • 09 Мамыр, 2020
Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Тараптар бір-бірін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2020
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай онлайн концерт өтеді
Мәдениет және Спорт министрлігінің қолдауымен «Карантиндегі жұлдыз» жобасының тікелей эфирінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған онлайн мерекелік концерт өтеді.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2020
Нұр-Сұлтанда жаңадан ашылатын қазақ драма театры қандай болады?
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қазақ драма театрының құрылыс барысымен танысты. Театр Елбасының тапсырмасына сәйкес салынуда. Театр құрылысымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры айналысып жатыр. Кешен 800 орынға есептелген, 3 қабаттан тұрады. Ғимарат Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов және 23-15 көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2020
Елордалық Қуыршақ театры Жеңіс күніне орай ертегі ұсынады
Ұлы Отан соғысы мәңгілік ел есінде, ер жадында. Біз қан майданда қан кешкен майдангерлерді ұмытпаймыз. Оларды әрқашан ұлықтаймыз! Осындай ұранмен елордалық қуыршақ театрының ұжымы, Ұлы Жеңіс күнін елдегі төтенше жағдайға байланысты, онлайн режимінде атап өтіп, батырларға ерекше құрмет көрсетпек. 9-мамыр күні кішкентай көрермендер, қуыршақ театрының YouTube арнасынан Л. Жаданов пен З. Сагаловтың қаламынан туған «Сарбаздың бақырашы» (режиссері А. Салаева) атты ертегісін тамашалай алады.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2020
Мамырдың қасиетті күндерінің бірі – 9 мамыр Жеңіс күні күллі қазақ елі үшін қасиетті күн! Қазақ елінің Ұлы Отан соғысы шарпымаған түндігі кемде-кем. Бүгінгі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткен аталарын іздестіріп отырған, жан дегендегі бауырлары мен жарларын жоғалтқан аналардың ұрпағы қаншама десеңізші...
Аймақтар • 09 Мамыр, 2020
Шымкент қаласының әкімі Жеңіс күнімен құттықтады
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 09 Мамыр, 2020
Аустриядағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері гүл шоқтарын қойды
Бұл туралы СІМ басшысы хабарлады.
Әлем • 09 Мамыр, 2020
Қырғыз Республикасындағы ардагерлерді құттықтады
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2020
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің денесі елімізге жеткізілді
Қазақстандағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы толған күні ерекше жаңалықпен басталды. 1942 жылдың қазан айында Смоленск түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ сарбазының мәйіті əскери бортпен елордалық авиациялық базасына бүгін таңертең жеткізілді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2020
ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатыр
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады. Интернет жылдамдығы төмен немесе мүлдем жоқ жерлерде тұратын оқушылармен орталық мамандары тікелей байланысып, тіркеу үшін көмектесіп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.