Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3642 материал табылды

Аңдатпа • 29 Наурыз, 2025

Аңдатпа: «Кішкентай ханзаданың оралуы»

30 наурыз - Ғ.Мүсірепов атын­дағы Қазақ мем­лекеттік ака­де­миялық бала­лар мен жас­өс­­пі­рім­дер театрында Антуан де Сент-Экзю­пе­ридің «Кіш­­­­кентай ханзаданың оралуы»­ ертегі-әпсанасы көрерменін қуан­тады. Режиссері – Дмитрий Курочкин.

Пікір • 28 Наурыз, 2025

Құрылтай – нәтижеге жеткізетін формат

Ұлттық құрылтай кейінгі жылдары маңызды алаңға айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, ауқымды реформалар мен нақты өзгерістердің бәрі халықтың тілегі мен заманның талабына сай жасалып жатыр. «Бұл жердегі түпкі мақсат – барлығын өзгерту емес. Ең бастысы – атқарылып жатқан шаруаны оңтайландырып, оның тиімділігін арттыру», дейді Мемлекет басшысы.

Пікір • 28 Наурыз, 2025

Стратегиялық бағыттарды айқындайды

Бурабайда өткен ІV құрыл­тайда ел үшін маңызы зор бірнеше мәселе сөз болды. Президент ұрпақ тәрбиесінен бастап, экономикалық жетіс­тіктерге жетудің нақ­ты іс жоспарын жариялады. Бүгінгі ұрпақты жаңа деңгейде тәрбиелеу мәселесі айтылды. Ел экономикасын индустриалдық бағытта дамытуда техникалық және кәсіптік мамандарды көбейту мақсаты қойылып отыр.

Банк • 28 Наурыз, 2025

«KMF» компаниясы екінші деңгейдегі банкке айналады

Қазақстанның жетекші микроқаржы ұйымы «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ екінші деңгейдегі банкке айналуға рұқсат алғаны туралы хабарлайды. Рұқсатты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) берді.

Саясат • 28 Наурыз, 2025

Парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаомен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жайы мен келешегін талқылады.

Университет • 28 Наурыз, 2025

Farabi University: ғылым, инновация, өндіріс интеграциясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазіргі заманда экономика инновацияға негізделуі керек екені сөзсіз. Біз ғылымды дамыту, соның ішінде қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруға, ғылым мен өндірістің байланысын күшейтуге баса мән беріліп отыр», деп атап өтті. Сондай-ақ «Қазақстанда әлі күнге дейін бірде-бір ғылым қалашығы жоқ» екенін айта келе, «Үкімет осы бастаманы жан-жақты зерделеп, тиісті заң дайындауы керек» деп нақты тапсырма берді.

Маман • 28 Наурыз, 2025

Бізде инженер мамандығы бар ма, жоқ па?

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес жиынында инженерлік-техникалық маман даярлаудың ұлттық үлгісін әзірлеуді тапсырып, бұл – «отандық өнеркәсіп үшін ерекше өзекті мәселе екенін» айтты.

Тағзым • 28 Наурыз, 2025

Халыққа қалтқысыз қызмет

Хакім Абай «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» дейді. Өз ісінде үзеңгілестерінен оқ бойы озық болған тұлғалардың бірі – Бердібек Сапарбаев. Ағамыз аянбай еңбек етіп, маңдай терін сарқып, қызметтік парызын парасатпен пайымдап, «Түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым…» деген Тоныкөкше мемлекет ісінде мүдіруді білген жоқ.

Тұлға • 28 Наурыз, 2025

Алаш мұратына адалдық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз кезінде елге қызмет етудің үздік үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олардың мұрасын жастарға және әлемге паш етуіміз керек», деген болатын.

Жансарай • 28 Наурыз, 2025

Қайран қасиетті әжелер-ай...(Эссе)

Қазақ ортасында әжелер бесігі академиясының қасиеті ерекше еді-ау. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін де емес. Сол әжелердің қаттылау, бірақ жып-жылы алақандарының қызуы біздің ойдан да кетпес. Көзден де жоғалмас. Көңіліміз бен жанымызда ізі қалды ғой. Сол аялы алақан мейірімі бізбен бірге о дүниеге кете барар-ау. Алдыңғы ұрпақ та көшеді, кейінгі ұрпақ та, соларды қуалай көшіп кетіп жатады. Өткенді еске алып, әулетіміздің көне фотоальбомын немерелерімен қосылып ақтару әдетке айналғалы қашан. Бүгінде сол фотоальбомнан, әжемнің суретін көріп ойға баттым. Немерелер бір бөлек абыр-сабыр қозғалыста. Мен тіпті бөлек, телегей тарихқа теңселе түсіп жүре бергенімді аңғармай да қалдым.