Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24571 материал табылды

Өнер • 02 Тамыз, 2021

Сахна суреткері

Жаныңды жүз сезімге бөлейтін театр атты тылсым да таң­ғажайып, сырлы да сиқырлы өнер ордасында кімдер ойнамады деңіз! Бүкіл саналы ғұмырын театрға, сахнаға арнаған қаншама өнер саңлақтарының қайталанбас айшықты өнерлері әлі күнге дейін жадымызда сайрап тұрғандай.

Аймақтар • 02 Тамыз, 2021

Жаңаөзендегі жылыжай

Жаңаөзендегі «Астана» шағын ауданында осыдан бес жыл бұрын пайдалануға берілген жылыжай қазір жылына 50-60 мың тонна өнім беріп отырған шаруашылық көзіне айналған. Жағдайын жасасаң, жылыжай жылына екі рет өнім береді. Күзде қызарып қызанақ піссе, ерте көктемде қияр жиып алуға болады.

Саясат • 02 Тамыз, 2021

Сенаторлардың өңірлердегі кездесулері

Парламент Сенатының депутаттары өңірлердегі тұрғындармен кездесулерін жалғастыру үстінде, деп хабарлады жоғарғы Палатаның баспасөз қызметі.

Саясат • 02 Тамыз, 2021

Мал азығы мәселесін шешу пысықталды

Іссапармен Қызылорда облысына барған Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев алдымен құрғақшылықтан зардап шегіп, төтенше жағдай жарияланған Арал ауданына ат басын бұрды, жергілікті халықпен және шаруашылық басшыларымен кездесті. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 02 Тамыз, 2021

Мүмкіндіктерді арттыратын меморандум

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен «АрселорМиттал ТМД» Бас директоры Виджай Гойал ҚР Үкіметі мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Саясат • 02 Тамыз, 2021

Жауапкершілігі барларға жағдай жасалады

Ashyq жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылды және бүгінгі таңда өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Осы ретте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов аталған жобаға белсенді қатысатын бизнес-қоғамдастық өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

TOKYO2020 • 01 Тамыз, 2021

Бір салмақта үш қазақ күрескен-ді...

2008 жылы Бейжің Олимпиадасында бокстан Бақыт Сәрсекбаев алтын, Қанат Ислам қола жүлде алып, Алаштың  екі өрені биік тұғырда тұрғанда бойымызды ерекше қуаныш билеген еді. Токио төрінде де сондай тарихи сәт орын ала ма деп үміттенген болатынбыз. Өкінішке қарай, Мейрамбек Айнақұлов (Қазақстан), Елмұрат Тасмұратов (Өзбекстан) және Уәлихан Серік (Қытай) – үш қазақ балуаны жарыстың алғашқы күні жеңіліп қалды. 

Спорт • 01 Тамыз, 2021

Тұңғыш рет жүлдесіз қалды

Өкінішке қарай, Токиода медаль алады-ау деген жеңіл атлет Ольга Рыпакова доданың финалдық кезеңіне өте алмады. Осылайша, бұған дейін үш Олимпиадада олжа салған Рыпакова тұңғыш рет басты додада жүлдесіз қалды. Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникация­лар қызметі алаңында Нұр-Сұлтан мен Токио арасында тікелей бейнеконференция байланысы арқылы брифинг өтті. Оған жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Дмитрий Карпов пен Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова қатысты. 

Қазақстан • 01 Тамыз, 2021

Көлік қызметі – экономиканың серпінді драйвері

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың стратегиялық шешімдері арқылы Қазақстан өңірлік логистикалық хабқа және тран­зиттік әлеуеті дамыған елге ай­нал­ды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «Нұр­лы жол» бағдарламасын іске асы­ру аясында көлік логистикасы жүйесінің тиімділігін арттыруды және еліміздің транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуды тапсырды. Бүгінде отандық көлік қызметінде 400 мыңнан аса адам жұмыс істеп жүр.

Қоғам • 01 Тамыз, 2021

Ардана Ботай – экипаж командирі

Аға лейтенант Ардана Ботай Су-30СМ көпфункционалды жойғышының экипаж командирі ретінде алғашқы жеке ұшуын орындады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Яндекс.Метрика