Саясат • 02 Шілде, 2021
Араб әлеміндегі қазақ елшілері
Қазақстан егемендік алған сәттерден бастап, белсенді түрде әлем елдеріне таныла бастады. Қазақтың көк байрағы жаһан мемлекеттерінің астаналарында көтеріліп, дипломатиясы алғашқы қадамдарын жасады. Тоқсаныншы жылдар қазақ дипломатиясының қарқынды екпін алу мен салтанатты шеруінің уақыты десек, қателеспейміз. Бұл саңлақ елшілерімізбен дипломаттарымыздың шыңдалудан өткен кезеңі еді.
Саясат • 02 Шілде, 2021
Ел мен елді жақындастырып, өзара жылы шырайлы қарым-қатынастардың орнығуында дипломатиялық қызметтің атқарар рөлі зор. Дана халқымыз оны «Елдестірмек – елшіден» деген бір ауыз сөзбен түйіндеп берген. Қандай кезде де шиыршық атқан оқиғалардың бел ортасында жүретін елшілік қызметкерлері тарихқа ықпалын тигізе алады деген сөз де тектен-тек айтылмаса керек. Бұл олардың іс-қимылына берілген биік баға екені белгілі. Міне, осындай дипломатиялық қызметтің жілік майын шағып ішкен халқымыздың мақтан тұтар ұлдарының бірі – бүгінде сексеннің сеңгіріне шаршамай-шалдықпай көтеріліп отырған тұғырлы тұлға Карл Сәрсенов.
Тәуелсіздік • 02 Шілде, 2021
Қазақстан дипломатиясының бүгінгі әлеуеті
1991 жылы еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып үлгерді және бірнеше халықаралық іргелі ұйымдардың абыройлы мүшесі болды. Бүгінгі таңда Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем геосаясатында ерекше мәнге ие болып отыр.
Саясат • 02 Шілде, 2021
1 шілдеде елімізде жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді.
Саясат • 02 Шілде, 2021
«Бұл қайдан келген әкім?» деген сұрақ енді қойылмайтын болады
Елімізде ауыл әкімдерін тұрғындардың тікелей сайлау мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Халық бұған әбден дайын деп айтуға болады.
Саясат • 02 Шілде, 2021
ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров кеше Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің бейне-конференция байланысы түріндегі отырысына қатысты, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.
Саясат • 02 Шілде, 2021
Мемлекет басшысының маңызды бастамасы
Бейнеконференция форматында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтіп, онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бітімгершілік мәселелері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысының арнайы өкілі институтын құру туралы бастамасы талқыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Саясат • 02 Шілде, 2021
Серпінді стратегиялық серіктестік
Елбасы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.
Саясат • 02 Шілде, 2021
Орталық Азия аймағындағы жетекші қаржы орталығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Саясат • 02 Шілде, 2021
Гендерлік теңдіктің салиқалы саясаты. Мемлекет басшысы әйелдерді қолдау жалғасатынын мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» жаһандық форумының қатысушыларына бейнеүндеу жасады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.