Пікір • 03 Қыркүйек, 2020
Президенттің Жолдауы мазмұны, жаңалықтары, мерзімі мен риторикасы жөнінен бұрынғы жолдаулардан едәуір өзгешелігі болды. Жолдау елде бұрыннан бар проблемаларды ашық көрсеткен пандемия дағдарысы әсерімен әзірленді.
Пікір • 03 Қыркүйек, 2020
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі – даму негізі
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын мемлекеттік басқару саласын реформалау мәселесінен бастады. Барлық салада оң нәтижеге, ілгерілеуге қол жеткізу үшін мемлекеттік басқарудың дұрыс бағытта болуы маңызды.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күні кешегі Жолдауында зейнетақы артықшылығын пайдалану туралы шешім қабылдады, енді қыркүйек-желтоқсан айларынан бастап нормативтік құжаттар дайындала бастайды. Бұл құжат 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтардың тұрмысын жеңілдетуге ықпал ететіндей деңгейде дайындалады деп үміттенемін.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020
Қызылорда облысының Арал ауданында 1942 жылы майданға аттанған, бір жылдан кейін шайқастардың бірінде хабарсыз кеткен Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы Келіс Жиенбаевтың сүйегін қайта жерлеу рәсімі өтті.
Руханият • 03 Қыркүйек, 2020
Академик Сағадиев және Ұлттық ғылым академиясы
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында республиканың ғылыми ізденістерді ұйымдастыру жүйесі мен мекемелері, олардың мақсаттары мен атқаратын жұмыстары еліміз қол жеткізген тәуелсіздіктің негізінде жүргізіліп жатқан түбегейлі өзгерістер мен нарықтық қатынастарға сәйкес қайта қаралды. Іргелі зерттеулерді жаңа жағдайға икемдеу ісі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 – 1994 ж. жариялаған екі жарлығы арқылы жүргізілді. Онда республиканың ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту, ғылымды ұйымдастыруды жетілдіре түсу, ғалымдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ғылым академиясына ұлттық мәртебе беруге байланысты шаралар көрсетілген болатын.
Пікір • 03 Қыркүйек, 2020
Қоғамдық бақылауға көңіл бөлгені қуантты
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауы қоғамда қордаланған көп мәселені шешудің оңтайлы жолдарын ұсынуымен ерекшеленеді деп ойлаймын.
Руханият • 03 Қыркүйек, 2020
Ауылдағы асар немесе «бірлік бар жерде тірлік бар»
Қарт Қаратаудың төсіндегі Көсегенің Көкжоны аймағында шоқжұлдыздай бір шағын ауыл бар. Ол – Үшбас деген Сарысу ауданының өрелі азаматтарына таныс ауыл. Оның тарихына көз жүгіртсек, бір жазылмаған дастан десек артық айтпаспыз, сірә.
Саясат • 03 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
• 02 Қыркүйек, 2020
Ауыл тұрғындары қарапайым медициналық көмекке мұқтаж
Мемлекет басшысы қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында медицинаның дамуына тың серпін берілетінін атап өтті. Әсіресе, ауылдық елді-мекендердегі тиімді денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге 3 жылдай уақыт қажет деді. Шын мәнінде, бұл игі бастама. Мемлекетіміздің құндылығы – халық десек, халық үшін бастысы – денсаулық. Елді-мекендердегі халық денсаулығы, әсіресе, өзекті.
Парламент • 02 Қыркүйек, 2020
Мәжіліс үш депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
ҚР Парламенті Мәжілісі Айзада Құрманованың, Нұрлан Дулатбеков және Нұрлан Әбдіровтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, - деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.