Пікір • 25 Тамыз, 2020
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері 4 мәрте жемқорлыққа қарсы стратегия енгізілді. Қазіргі таңда елімізде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бесінші стратегия жүзеге асып жатыр.
Саясат • 25 Тамыз, 2020
Үкіметтік емес ұйымдарды тарту – дұрыс шешім
Сыбайлас жемқорлық неге қауіпті? Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әрекетсіздік азаматтар арасында наразылық пен құқықтық нигилизмнің жоғарылауына әкеп соғады. Сондай-ақ жемқорлық қоғам алдында заңның беделін түсіріп, әлеуметтік шиеленісті күшейтеді. Ел экономикасының тиімділігін төмендетіп, мемлекеттің құлдырауына әкеледі.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
«7-20-25»: Кереку неге көштен қалды?
«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республикада соңғы орындарда тұрған өңірдің бірі – Павлодар. Бағдарлама басталған сәттен-ақ суырылып алға шықпаған бұл аймақ әлі де сол көштің соңында келеді.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
Мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында 56 106 қазақстандыққа автоматты түрде мүгедектік мерзімі, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі және жеке оңалту бағдарламалары үш айға ұзартылды. Бұл ретте мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша жүзеге асырылады.
Парламент • 25 Тамыз, 2020
Өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады
Сенатор В.Волков Алматы қаласында Әділет департаментінің, қалалық соттың және адвокаттар алқасының қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
Тарих • 25 Тамыз, 2020
Автономияға ұмтылыс: Ұлттық қозғалыс және кеңестік декрет
Кеңестік Қазақ Республикасы қай күні құрылды? Биыл кеңестік Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толады. Бұл республика – Қазақ хандығы құлағаннан кейінгі уақытта алғаш рет барлық қазақ жерлерін бір автономия құрамына біріктіруге тырысқан ұлттық қозғалыстың және большевиктердің ұлт мәселесіне қатысты саясатының заңды нәтижесі болды. Осы уақытқа дейінгі тарихнамада РКФСР БОАК пен ХКК-нің «Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасын құру туралы» декреті қабылданған 26 тамызды немесе ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болған 4-12 қазан аралығын Республиканың құрылған уақыты ретінде қарастыру орын алып келді. Негізі, республиканы құру туралы декрет қабылданғанымен, тамыздың соңында республика құрылған жоқ. Кеңестік Қазақ Республикасының құрылған күні – 6 қазан. Себебі дәл осы күні ҚАКСР Кеңестері Құрылтай съезінің кешкі мәжілісінде «ҚАКСР еңбекшілері құқығының декларациясы» атты бірінші Конституциялық құжат қабылданды. Съезд ҚАКСР-ды жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің республикасы деп жариялады.
Әлем • 24 Тамыз, 2020
Ресейлік вакцина салдарынан COVID-19 мутацияға ұшырауы мүмкін
Тестілеудің үшінші кезеңінен өтпеген ресейлік вакцинаны қолдану салдарынан коронавирус мутацияға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігіне сұхбат берген ғалымдар айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Тамыз, 2020
Сағдидың сексенінші көктемі ...Қызылды-жасыл гүлдер құлпырып, көктем келгенде Сағдидың да жан дүниесі жаңарып, жадырай түседі. Себебі көктемде шыр етіп дүние есігін аттағаннан болар, жыл мезгілінің осы уақытын ерекше ұнатады. Еркін күрестен сан мәрте республикалық, облыстық сайыстарда топ жарған КСРО спорт шебері болған Сағди Қапасұлымен таныс болғаныма қырық жылдай уақыт өтсе де, оның сонау 1991 жылы елімізді былай қойып, күні кеше тарих қойнауына кеткен ТМД елдерінде қыздар күресін тұңғыш рет ұйымдастырып, Қазақстанның төрт облысында нәзік жандылардың күресін өмірге әкелгенін, жыл сайын байрақты бәсекелерді ұйымдастырғанын естігенде бастапқыда сенбедік те. Күне кеше Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова атындағы манежде ардагерлер арасында тұңғыш рет облыстық жарыс ұйымдастырылғанда Сағди ағамен кездесіп қалдық.
Ғылым • 24 Тамыз, 2020
«KazRoboProject-2020» байқауына 62 жоба ұсынылды
Жыл сайын, нақтылай айтқанда 2016 жылдан бері еліміздің жас конструкторларын, талантты, ізденімпаз өрендерді анықтау мақсатында «KazRoboProject» ғылыми-техникалық жобалар байқауы ұйымдастырылып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен ұйымдастырылған байқау «КазРоботикс»федерациясының даму бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
Пікір • 24 Тамыз, 2020
Жалған мақтан жарысы болып тұр
Біз көшпелі түркі халықтарының ішінде туыстық қарым-қатынасты үнемі бірінші орынға қоя білген ұлт ретінде өзімізді ерекше деуші едік. Бұл қасиет қазақ халқының той-думанында айрықша мәнге ие болатын.