Аймақтар • 07 Тамыз, 2020
Таразда қоқыс өртейтін зауыт салу жоспарлануда
Облыс аумағындағы стихиялық қоқыстар мен аузына дейін толып, шашылып жатқан контейнерлер тұрғындардың әлеуметтік желілердегі шағымдарының өзегіне айналды. Бұл өзекті мәселе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңестің негізгі тақырыбы ретінде жан-жақты сараланды, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 07 Тамыз, 2020
Ертіс өзенінің алқабына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілуі мүмкін
Тиісті жобаны қазір Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі дайындауда, деп хабарлады Павлодар қаласының жұртшылығымен кездесуде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. «Ертіс өзенінің алқабына мәртебе беру үшін бұрын аяқталмаған техникалық-экономмкалық негіздеме пысықталып жатыр», - деді ол. –Бүгінгі таңда Қазақстан аумағының шамамен 9% ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие. БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша бұл көрсеткішті 10 жыл ішінде 12%-ке дейін арттыру керек. Ал Ертіс өзенінің алқабы осындай аумақ тізіміне енуі мүмкін».
Қазақстан • 07 Тамыз, 2020
15 ауылдың тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді
Жұмыс сапары барысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Май ауданы, Баскөл ауылындағы су тазарту станcасында болды.
Саясат • 07 Тамыз, 2020
Сенатор Парламенттегі қызметін қорытындылауда
Биыл Сенат депутаты ретінде қызметін аяқтайтын Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысының тұрғындарымен кездесіп, мұнайлы өлкенің Жоғары палатадағы өкілі ретінде атқарған жұмысын қорытындылауда.
Пікір • 07 Тамыз, 2020
Жаһанды жайлаған індет ешкімді аяр емес. Әлемнің тұтқасын ұстап отырмыз деген елдердің өзі індет алдында не істерін білмей қалды. Қазақстанға келген коронавирусқа біз де қауқарсыз болып шықтық. Оған өзіміздің «не болар дейсің?» деген жайбарақаттығымыз бен бейқамдығымызды қосыңыз. Бұған қалай жол берілді?
Саясат • 07 Тамыз, 2020
Президент жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия пандемия кезеңінде денсаулық сақтау органдарында мемлекеттік қызметке тағайындауды және конкурстық рәсімдерді жеделдетіп жүргізу мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.
Саясат • 07 Тамыз, 2020
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – негізгі міндеттердің бірі
Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында Қаржы министрі Е.Қ.Жамаубаевтың және Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Ж.Қ.Элимановтың қатысуымен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлады akorda.kz сайты.
Білім • 07 Тамыз, 2020
Жапония мектебі: Ұлттық білім берудің заманауи озық жүйесі
Жапондар – әлемдегі ең еңбекқор халық. Азаматына еңбекқорлық қасиет балабақшадан сіңіп, мектепте бекиді. Ұлттық беріктік іргетасы да – мектептен. Әр адамның өзін өзі қадағалауы, қоғам алдындағы жауапкершілік, ортадағы сыйластық қарым-қатынас бастауы да – мектеп. Білім жүйесі сырттай қарағанда басқа капиталистік елдердің білім жүйесіне ұқсас болғанмен, мәні мен мазмұнына назар салсақ, көптеген ерекшелігі бар.
Қоғам • 07 Тамыз, 2020
43 мыңнан аса адам зейнетке шықты
Биылғы 7 айда 43 453 қазақстандық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. Айта кетейік, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 41 мыңнан аса азамат зейнетке шыққан.
Қоғам • 07 Тамыз, 2020
Ойымыз да, бойымыз да биік болуы керек
Күншығыс елінің астанасы Токионың аэропортында жұбайымыз екеуіміз тіркеу орнына асыға басып келе жатыр едік, алыстан, көпшіліктің арасынан биік болып тұрған зор денелі жігіт көзіме оттай басылды. Түр-тұрпаты қазаққа ұқсайды. Іштей: «Япырау, қазақ емес пе екен?», деп ойлағаным сол еді, әлгі алып жігіт маған бұрылып, «Ассалаумағалейкум, аға!» деп қолын ұсынды.