Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21610 материал табылды

Руханият • 01 Маусым, 2020

Анамның ұмытылмас бейнесі

Мен асыл анамды жиі есіме аламын. Анамның жылы жүзі, мейірімді бейнесі жүрегімде жатталып қалғаны соншалық, әр кез есіме түскен сайын көз алдыма қиын кезеңдерді басынан кешкен, көз жанарында қайғы мен үрейдің іздері қалған қайратты және қайсар анамның бейнесі тұра қалады. Ажарын айқыштаған терең әжімдер мен ағарған шашы көрген қасіретін дәлелдеп тұрғандай. Анамның жүрегі де тілім-тілім болған шығар, себебі өмірінің соңына дейін көрген зардабын ұмыта алмай кетті ғой.

Таным • 01 Маусым, 2020

Замана зұлматы: Ашаршылық кезеңдері бөлек қаралуы тиіс

Ел тарихында халқымыздың басына түскен аса ауыр зұлматты кезең  ашаршылық және саяси қуғын-сүргін жылдарымен байланысты екені белгілі. Кеңестік құрсаудың тұмшалауымен жабулы күйінде келген осы ақтаңдақтарды ашуға егемендіктің елең-алаңы мен Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында нақты қадам жасалды. Арнайы комиссия жұмыс істеп, 1993 жылы жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылданса, 1997 жылы Елбасы жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Ал күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  үндеу жариялап, арнайы мемлекеттік комиссия құрылатынын мәлімдеді. Осы орайда, «Egemen Qazaqstan» газеті айтулы датаның қарсаңында «Ғасыр зұлматы» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырған болатын. Іс-шараның түпкі мақсатының бірі – ашаршылық құрбандары мәселесін өз алдына бөлек қарастыру қажеттігіне жұртшылықтың назарын аудару еді. Онлайн форматта өткен дөңгелек үстел жұмысына абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Смағұл Елубай, жазушы, зерттеуші Бейбіт Қойшыбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақова, тарих ғылымдарының докторлары, професорлар Мәмбет Қойгелді, Талас Омарбеков, Зиябек Қабылдинов, Арайлым Мұсағалиева, Данагүл Махат, тарих ғылымдарының кандидаты Сәбит Шілдебай, музей қызметкері Гүлнұр Төлепбергенова қатысып, пайымды пікірлерін ортаға салды. Келелі жиынды «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі ашып, жүргізіп отырды.  

Әдебиет • 01 Маусым, 2020

Қараманнан шыққан қайыршы

Бидәулет тумысынан кедей адам еді. Бала күнімнен көз ал­дымда. Шошаңдаған бес еш­кісін айқайлап ары қуып, бері қуып кіжінетін де жүретін. Кейін үлкендердің әңгімесінен ес­туімше арғы аталары да иіні жарып тон кимеген, ауы жарып ат мін­беген адамдар болған секілді. Оны бір жылы жазғытұрым жалданып Масғұттың үш жүз қойын төлдеткенде Бидәулеттің өзі де айтыпты. Жеріген қой, жағызған қозы дегендей егіздете топырлап туып жатқан қалың төлді игере алмай кеткен Бидәкең, «Осы жүн­ді жауды жүзге жеткізе алмай жеті атам күйіп кетіп еді, осы­лар қалай мың қырылтып ай­дап жүреді осы? Құдай-ау, мы­на­ның малының қысыр қал­ған бірі жоқ па? Енді текесі лақ­тап, қошқары қозылайтын шы­ғар!» деп күйінген екен дейді. Сол Бидәкең туралы әңгіме ғой бұл.

31 Мамыр, 2020

Мәңгілік құндылық ел жадында

Зұлматты жылдардың зардабын көрген жандарды еске алу - келер ұрпақтың міндеті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы 5 сәуірде  «31 мамыр -  «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жалпыұлттық еске алу күні»  ретінде атап өтуді бекіткен болатын. Басты мақсаты мұндай қасіреттің қайталанбасы  үшін халқымыздың тарихты есте сақтап, болашақ ұрпақтың  білуін қамтамасыз ету. Қатал да қасіретке толы бұл мейрам өткенді еске түсіріп, көзге жас ұялатады.

Білім • 31 Мамыр, 2020

Қазақ ұлттық университетінде түлектер күні онлайн өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектері күні – академиялық дәстүр. Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының Түлектер күні биыл да осы мызғымас дәстүрді онлайн форматта жалғастырды.

Қоғам • 31 Мамыр, 2020

Әділеттілік жолымен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жария еткен Үндеуі сан салалы қоғамның ішінде білім саласы үшін, ғылымның ішінде гуманитария мамандары үшін маңызды деп есептейміз.

Коронавирус • 31 Мамыр, 2020

Елімізде барлығы 10 858 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Елдегі өсім қарқыны – 4,6%. 

Қоғам • 31 Мамыр, 2020

Із қалдырған ірі тұлға

Асанбай аға! Жұрт: «Асекең!» – деп құрметпен атап кеткен бұл абзал жанды оқырманға таныстырып жатудың қажеті жоқ. Аға ұрпақ өкілдерінің бірі академик Кеңес Нұрпейсов айтқандай ол «Өмірі тек өнегеден ғана тұратын адам» еді. Бітімі мен болмысынан парасаттылық лебі ескен сол Асекең, Асанбай Асқараовтың өткен ғасырдың 60-70 жылдарында Алматы облысын басқарып тұрған кезіндегі еңбегі ерекше. Әсіресе аймақтың ғылыми-техникалық, мәдени-әлеуметтік, экономикалық әлеуетіндегі қол жеткен биік деңгейді атап айтпасақ болмайды.

Тарих • 31 Мамыр, 2020

Орал губерниясындағы ашаршылық ақиқаты

Тәуелсіздік тізгінін өз қолымызға алып, егемен ел болғалы, тарихымызды жан-жақты зерттеп, белгісіз тұстарын ашу мүмкіндігі пайда болды. Кеңес өкіметі кезінде зерттеп, жариялау қиын болған, архив қорларында шаң басып жатқан құжаттарды көпшілікке таныстыруға қазір мүмкіндік мол.

Тарих • 31 Мамыр, 2020

Архив деректеріндегі ашаршылық жылдары

1932 жылғы ашаршылық қазақ халқының тарихындағы ең бір асқан зұлмат, адам жаны түр­ші­гер­лік қасірет болғаны ақи­қатқа айналды. Бұл зұлмат жыл­дарды зерттеуші Дж. Бек­кер «Қазақтардың бірнеше ұрпақтарының есінде жазылмайтын жара болып ұжымдастыру және оның салдарынан болған 1931-1932 жылдардағы ашар­шылық туралы естелік қалды», деп жазды. Кеңес қоғамындағы өзгерістер өткен ғасырдың 20-30 жылдары қалыптасқан әкім­шілдік-әміршілдік жүйенің қыспағымен, халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету арқылы іске асырылды.