Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19420 материал табылды

Қоғам • 31 Наурыз, 2020

Сенатор: Шағын және орта бизнеске қатысты ұсыныстар әзірлеп жатырмыз

Коронавирус індетінің жаһандық жағдайда етек жаюына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16  наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялады. Бүгінгі күні еліміздің республикалық маңызы бар қалаларымен қоса бірқатар облыс орталықтары да карантинге жабылды. Медицина мамандары мен полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Карантин енгізілген аймақтарда халықтың күнделікті тұрмысына қажетті нысандар (дүкен, дәріхана және тағы басқа) ғана жұмыс істеп, басқа ұйымдар өз жұмыстарын уақытша тоқтатты. Осы орайда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы елдегі төтенше жағдайға қатысты өз пікірін білдірген болатын. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус • 31 Наурыз, 2020

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 336-ға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 11 адам тiркелді. Қызылорда облысында 10 адам, Павлодар облысында 1 адам індет жұқтырған. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Атыраудағы блок-бекеттер жұмысына әскерилер тартылды

Атырау қаласына кіріп-шығуды шектеу үшін 4 бағытқа қойылған блок-бекеттерде  полиция мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері кезекшілік атқарыуда. Оған  «Батыс» өңірлік қолбасшылығының  әскерилері  де тартылды.

Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Сенатта жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша парламенттік тыңдаулар болады

Сенатта өткен бірқатар парламенттік тыңдаулар барысында әлеуметтік бағдардағы 2020 жылғы бюджет алдында тұрған міндеттерді орындауға арналған қосымша қаржы көздерін анықтау қажеттігі көтерілген аса маңызды мәселелердің бірі болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Әдебиет • 31 Наурыз, 2020

Көк шалғынға көміліп жаттым кешкі...

Ақынның өмірбаяны – оның өлеңдерінің тағдыры. Алғашқы өлеңінен ақырғы жырына дейін. Кешкен азабы, көрген рахаты, басынан өткерген алуан замана бұлты. Көңілдің көркем сәтіндей ақ шарбы бұлттан түнерген дертті жүректі зілмауыр бұлттарға дейін. Соның бәрі – жырларында. Ақынның өмірі  дүние жанарындағы бір тамшы жас секілді. Сонша мөлдір, сонша ауыр. Сол тұнық тамшы үзіліп түскенше... Аманхан Әлімұлы біздің жанарымыздан жас болып ыршып түсті. Көзімізді қай сәтте жұма қалғанымызды да аңғарып үлгермедік. Адамның адамға, адамның дүниеге байланып қалған түгі де жоқ екен-ау. Ақын көз алдымызда мұнартып тұрып, ғайып болды. Оның поэтикалық стихиясы, тіпті музасы да Ай болған секілді. Айды жырлады. Ай арқылы алмағайып дүниенің дидарын берді. Біз жарқырап тұрған жүзін көрдік. Ал айдың артында не бар екені – бізге жұмбақ. Сол жұмбақтың шешуі – әдебиетшілердің, қазіргі әм келер жастардың ізденісінде. Жастарды Аманхан Әлімұлынша сүю, жастарды іздеу, алғашқы қадамынан бастап талпындырып, артығы мен кемін айту, жанашырлықпен жанына үңілу – бір бөлек әлем еді. Ақынның қазасына қайғыра отырып, «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы отбасына, туған-туыстарына, жалпы әдебиет сүйер қауымға көңіл айтады. Әуелінде айтқанымыздай, ақынның өмірбаяны – өлеңдерінің тағдыры. Бір топ өлеңін ұсынып отырмыз.

Қоғам • 31 Наурыз, 2020

Қазақтың қызы көп, тек қазақ қыз аз

«Гүл өссе – жердің көркі; қыз өссе – елдің көркі» деген ғой қазекем. Қалт айтпағанына дәлел жетіп артылады.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Махамбет Досмұхамбетов: «Той-томалаққа, адам көп жерлерге бармау –өз өміріңді сақтау»

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір тұрғындарына сақтық ережелерін сақтауға байланысты үндеуін жолдады.  

Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Ерлан Қарин коронавирус таралуына қарсы күрес стратегиясы туралы жазды

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин биліктің коронавирус таралуына қарсы күрес стратегиясының негізгі үш ерекшелігін атады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Әлем • 31 Наурыз, 2020

Түркияның Орду қаласында «дезинфекция туннелі» орнатылды (видео)

Түркияның Қара теңіз жағалауында орналасқан Орду қаласының әкімдігі көшелерде дезинфекцияға арналған 5 метрлік кабиналар орнатты. 

Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Түркі тілдері неше әліпби нұсқасын қабылдады?

Түркі тілдерінің ішінде түрік жазуы 1928 жылы, әзербайжан 1991 жылы, өзбек, қарақалпақ, түркімен жазулары 1993 жылы латын әліпбиіне көшті.