Қоғам • 10 Сәуір, 2024
Жүз жылда бір болатын алапат су тасқыны биылғы 2024 жылға тура келіпті. Бүкіл ел болып еліміздің он өңірінде орын алған төтенше жағдаймен күресуде. «Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін» осы залалдың ауқымын азайтып, жапа шеккендерге көмектесуге атсалысуда. Бұл жағдай біздің халқымыздың бірлігі мен ынтымағын, бауырмашылдығы мен жанашырлығын, қайраттылығы мен қайсарлығын көрсетті. Ұлтына, ұлысына қарамай Қазақстандағы бар халық қолынан келген жәрдемін көрсетіп, азық-түлік пен заттар жіберіп, шамасы келмегендер тілектестігін білдіріп, шамасы келгендер қаржы аударып, иық тіресе көмектесуде.
Қоғам • 10 Сәуір, 2024
Бағзы заманнан басынан не қиындықтарды өткізген ата-бабаларымыздан «апат айтып келмейді» деген сөз қалған. Осы жылы, сәуір айының басындағы қарғын су тасқынына байланысты еліміздің Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жарияланған төтенше жағдайлар сол табиғи апаттың салдары мен зардабының себебінен орын алып отыр.
Қоғам • 10 Сәуір, 2024
Табиғи және техногендік апат салдарынан еліміздің 12 өңірі су тасқынының зардабын тартып отыр. Су астында қалған қалалар мен аудан, ауылдарда инфрақұрылым бұзылып, қатынастың жолы кесіліп жатыр. Өзгенің қайғысы болмайды, бұл ортақ мәселе. Осынау қиын сәтте ұйымшылдық танытып, үрей құшағындағы халыққа рухани және материалдық тұрғыда көмек қолын созып, олардың ауыр қайғыларына ортақтасу - біздің азаматтық борышымыз. Бұл – рухы мықты халықтың қолынан келетін есті шаруа.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Атырауда 7 мың ерікті су тасқынымен күресіп жүр
Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Сәуір, 2024
Бекеттерді нығайту жұмыстарын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Петропавлда Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді.
Дін • 10 Сәуір, 2024
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын! Баршамызды ораза айтқа аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын!
Саясат • 10 Сәуір, 2024
Баянды байланыстың жаңа кезеңі
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-министр Олжас Бектенов қысқамерзімді жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасына барды.
Сенат • 10 Сәуір, 2024
Ұлттық мүддеге сай стратегиялық әріптестік
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Фара Карими бастаған ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының делегациясымен кездесті. Тараптар өзара іс-қимылды, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясындағы байланысты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Аңдатпа • 10 Сәуір, 2024
Аңдатпа: «Болмаған балалық шақ»
12 СӘУІР - Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» қойылымы ұсынылады. Режиссері – А.Оразалы.
Тәрбие • 09 Сәуір, 2024
Ерекше балалардың қабілетін ашады
«Бала – бауыр етің» деп ұғатын ұлтымыздың ұстанымы ұрпақ қамына келгенде ұсақталған емес. Ата-ананың жүрегі әрдайым перзент қамы, оның амандығы, білімі мен болашағы үшін соғатыны белгілі. Ал елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға бөлінетін көңіл тіптен бөлек. Осындай қамкөңілден ерекше балаларды оңалту орталықтары да көбейіп келеді. Сондай орталықтардың бірі – Астана қаласында орналасқан «Бала» оңалту орталығы. Осы орайда орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.