Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21598 материал табылды

Экономика • 05 Мамыр, 2020

Кәсіпкер әйелдер көшін бастаған

Ауылда да өмір бар. Өмір болғанда қандай! Қиындығы, қы­зы­ғы, қызуы мол, қайнаған өмір. Ауылда тұрып та биз­­нес­ті өрістетуге, қызметте өсуге болады. Міне, мұны нақты істе дәлелдеумен жүрген қыз-келіншектеріміз қатарының жылдан-жылға көбейіп келе жатқаны қуантады. Каменка ауылына келін болып түскеніне ширек ғасырдан астам уақыт өткен кәсіпкер келіншек, қоғам белсендісі Эльмира Мырзагелдиева осынау шоғырдан ойып орын алған.

Қоғам • 05 Мамыр, 2020

Қандастарымыздың мұңы – біздің мұңымыз

«Egemen Qazaqstan» газетінің биылғы 17 наурыздағы санында жарық көрген «Халық санын қандастар көшінің есебінен көбейте аламыз ба?» атты мақала өте өзекті мәселені қозғапты. Көлемді мақалада қандастар­дың мәселесі жан-жақты терең талданып, жүйелі ұсыныстар жасалған.

Таным • 05 Мамыр, 2020

Ұлы ғұламаның шынайы өмірбаяны

Биыл Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз­дың 1150 жылдық тойы. Ұлы ойшылдың мерейлі датасын мемлекеттік деңгей­де тойлау – «Рухани жаңғыру» бағдар­лама­сына сәйкес болашақ жастардың пат­риоттық сезімін оятып, елін сүюге тәр­биелеу үшін жасалып жатқан маңызды шара деп білеміз. Десек те, ескерілмей отыр­ған нәрселерді атап кеткеніміз дұрыс. Солардың ең бастысы, әл-Фараби баба­мыздың өмірбаяны әлі күнге дейін дұрыс жазылмай келеді. Әсіресе өмір дере­гіне қатысты Отырар қаласы мен Ұлы Отырар кітапханасының маңызы айтыл­май, кеңес өкіметі кезінде еуроцентристік бағытта бұрмаланып жазылған деректер әлі күнге қайталанып жүр.

Руханият • 05 Мамыр, 2020

Дамыған ел болуымыздың кепілі

Ұлттық құндылықтарымызды сақ­тай отырып, санамызды жаң­ғырту, жадымызды дамыту – дүниежүзілік өркениет кеңістігінде жойылып кетпеудің шарты. Осы тұрғыда 2017 жылғы 12 сәуірде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласы шық­қаны белгілі.

Руханият • 05 Мамыр, 2020

Ұлық Ұлыс тарихындағы Сарайшық

Әлемдік тарих ғылымында Жошы ұлысы немесе Дешті Қыпшақ даласы атанған сонау Ертіс пен Дунай аралығын қамтыған ұлан-байтақ территорияда мемлекеттік маңызға ие болған қалалар көп емес. Бүгінде зерттеушілер осы аралықтағы қалалар санын 150-ге жеткізді. Олардың ішінен Бату хан сол заманда аты әлемге белгілі болған Қырым, Маджар, Үкек, Қазан, Қажы-Тархан (Астрахан), Сарайшық қалаларының негізін қалауымен дараланады.

Қоғам • 05 Мамыр, 2020

Қадіріңе жетерміз бе, Қара жер...

«Анам да болған Қара жер, панам да болған, Қара жер!» депті баба­­ларымыз. Тіршілік атаулы­ның иесі де, киесі де Қара жер деп білген олар бұл сөзді Жарату­шының өзіне балап айтқандай, тіршіліктің көзі ғана емес, өзі деп біліп қайрылғандай. Бәлкім, есте жоқ ескі кездерде Қара жер, Көк аспанды ұлы қамқоршы тіршілік иесі деп біледі. Сондықтан да біз осынау киелі тіркестегі екі сөзді бірге жазып отырмыз. Тіпті көне тас, қола дәуірлері дейміз бе, скифтер, ғұндар, сарматтар, мас­са­геттер кезеңдері дейміз бе, әй­теуір талай-талай мемлекеттер, им­пе­риялар дәуірлеген, талай-талай тарихтың теперішін көріп, Жер бетінен жоғала жаздаған, алай­да майысса да сынбай, осынау Ұлы далада малын бағып, оған қоса жанын бағып жүрсе де әлем өркениетінен қалыспай өз мә­дениетін, ғажайып салт-дәс­түрін, өмір сүрудің өзіндік ерек­шелі­гін қалыптастырған біз­дің баба­ларымыз емес пе еді.

Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Түркістан: Мақтаарал ауданындағы қазіргі жағдай (фоторепортаж)

Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендерінен 2 мамырдан бастап 31 606 адам эвакуацияланған.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2020

Мәулен Әшімбаев: Парламент Сенатының төрағасы болып сайлану - үлкен жауапкершілік

Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының төрағасы болып сайлану - үлкен жауапкершілік екенін айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2020

Біздің бірлігіміз – қазіргі қиындықты еңсерудің кепілі - Қайрат Балабиев

Дүние жүзін дүрліктірген коронавирус әлемдік экономиканың ағзасына да айтарлықтай нұқсан келтіруде. Пандемияның салдарынан өндіріс орындары, фабрикалар, ауылшаруашылығы құрылымдарының жұмысы саябырлады, миллиардтаған шығынға батуда. Бұл әсіресе азық-түлік нарығында анық байқалып отыр.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2020

Қорғаныс министрлігінің ұшағы әуеде апатты жағдайға тап болды

Бұл туралы блогер Денис Кривошеев Facebook парақшасында жазды.