Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21598 материал табылды

Қазақстан • 04 Мамыр, 2020

Дәурен Абаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды

Дәурен Абаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Қазақстанның бірнеше аймағында ХҚКО жұмысы қайта жанданады

Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары әкімдігінің жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен 4 мамырдан бастап осы аймақтарда ХҚКО жұмысы қайта жанданады.

Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Коммуналдық қызметтер үшін төлем жасау тәртібі түсіндірілді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов карантин енгізілген қалаларда коммуналдық қызметтерді өтеу мәселесі бойынша айтып берді.

Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда «Жаужүрек полкі» акциясы жаңа форматта өтеді

Фейсбук және Инстаграм әлеуметтік желісінде өтетін арнайы челленджге қатысып, соғыс ардагерлерін еске алып, құрмет көрсетуге болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Үкімет • 04 Мамыр, 2020

Түркістан облысындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды

Премьер-Министр Асқар Маминнің Өкімімен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 04 Мамыр, 2020

Бүгіннен бастап кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істейді

4 мамырдан бастап фотосалондар, аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер, гүл сататын дүңгіршектер, шаштараздар, медицина орталықтары, стоматологиялық клиникалар жұмысқа кіріседі. 

Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Елордада масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр

Елордада күн сайын масалар мен басқа да жәндіктерге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыс екі ауысымда атқарылып жатыр. Биыл масалардан аумақты өңдеу жоспары 20%-ке, су қоймаларын өңдеу 25%-ке артты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Коронавирус • 04 Мамыр, 2020

3 964 науқас: коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 44 адам тіркелді

Қазақстандағы 2020 жылғы 4 мамырдағы сағат 09:20-дағы эпидемиологиялық ахуал бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 44 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 8, Алматы қ. – 6, Шымкент қ. – 1, Батыс Қазақстан облысында – 12, Ақтөбе облысында – 7, Атырау облысында – 3, Жамбыл облысында – 3, Қарағанды облысында – 4.

Президент • 04 Мамыр, 2020

Әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы Жарлыққа өзгерістер енгізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 04 Мамыр, 2020

Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде - Президент

Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуына байланысты Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды.