Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21598 материал табылды

Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастардың 43% жазылып шықты

Нұр-Сұлтанда коронавирус індетіне шалдыққан науқастардың 43% жазылып шықты. 4 мамырдағы деректерге сәйкес коронавирус инфекциясынан 33 адам сауықты, олардың ішінде 12 ер адам бар. Науқастар 14-15 сәуірден бастап жұқпалы аурулар ауруханасында стационарлық ем алды.

Қазақстан • 05 Мамыр, 2020

Мақтаарал ауданындағы су тасқыны: 31 606 тұрғын эвакуацияланды

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев көршілес Өзбекстанда дамбаның бұзылып, соның салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басуына байланысты жағдайды баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 05 Мамыр, 2020

Фермерлерге 70 млрд теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетілді

Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды 35 күн ішінде аяқтады, 2 405 фермер жылдық 5% есеппен 70 млрд теңге алды. Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың 95% -ы - шағын және орта бизнес өкілдері. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Білім басқармасы: ҰБТ форматы өзгермейді

Түлектер тестті 11-сынып бағдарламасының төртінші тоқсанындағы сұрақтарсыз тапсырады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қоғам • 05 Мамыр, 2020

Елорда колледждерінің емтихан форматы белгілі болды

Мемлекеттік емтихан мен диплом қорғау онлайн режимде өтеді. Технология білім алушыны экран арқылы бақылап, емтиханды толық видеоға жазуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны 216-ға жетті

Вирусты жұқтырған 2 адам да Қызылорда қаласының тұрғындары, 1993 және 1981 жылғы әйел адамдар.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Бахрейн инвесторлары Нұр-Сұлтанда мектеп салып жатыр

Елорда әкімі Алтай Көлгінов екі жекеменшік мектептің құрылысымен танысты. Инвестициялық кеңесте әкімдік білім беру саласындағы 20-дан астам жобаны қолдады. Аталған мекемелерді іске асыру шамамен 25 мың оқушы орнын және 4,5 мың мектепке дейінгі оқу орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Коронавирус • 05 Мамыр, 2020

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 11 азамат ауырғандармен байланысқан

COVID-19 инфекциясы вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтарды зерттеу барысында Арыс қаласының 1963, 1970, 1977, 1982, 2006, 2017, 2013 жылғы тұрғындарынан және 1992 жылғы 2 азаматшадан анықталып, тіркелді.

Қоғам • 05 Мамыр, 2020

Жұмыспен қамтудың жол картасында 6,5 мың инфрақұрылымдық жоба қамтылады

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру мәселелері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Білім • 05 Мамыр, 2020

Мұғалім мен ата-ананың бірлігі керек

Қазіргідей жағдайда әлемдік білім жүйесі қашықтан оқытудың тиімді екенін айтуда. Онлайн сабақтар еліміздің цифрлы дамудағы алғышарттарының бірі. ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша, 107 елде 861 млн-нан астам оқушы бар, соның ішінде 12 мемлекет жергілікті мектептерін жапты. Яғни мектептердің жабылуы дүние жүзіндегі оқушылардың 87 пайызының білім сапасына қатты әсер етпек.