Парламент • 15 Қаңтар, 2021

Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өте мазмұнды баяндама жасады. Онда қол жеткен жетістіктер мен Қазақстан тәуелсіздігінің алдағы 30 жылдығы қарсаңындағы, төртінші онжылдық еліміздің негізгі басымдық ретінде Қазақстанды қуатты мемлекетке айналдыру деген мәселе көтерілді. Осы айтылған саясатты қолдаймыз, құптаймыз.

Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады

Өткені, мемлекет қуатты, адамдар қажырлы, жігерлі болмайынша алға жылжу қиындаи береді. Сондықтан да Мемлекет басшысының қойып отырған талабы өте орынды, ол үшін халықтың дені сау болы керек. Денсаулық мәселесіне, білім мәселесіне, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселесіне бірқатар жақсы ұсыныстар болды. Сонымен бірге қоғамның ашықтығын қамтамасыз ету тұрғысында да үлкен ойлар айтылды.

Ол кісінің өзі айтып жүрген «Күшті Президент, ықпалды Парламент, жауапты Үкімет» деген қағидаларын қазіргі өмірде  шешімін табуға тиісті үш тіректі болатын болса, соны осылай айтуға болады. Соның ішінде Парламенттің алдына екі түрлі міндет қойды. Оның бірі – сапалы заң шығару, қабылдау, екіншісі Парламентті бүкіл қоғамдағы ірілі-ұсақты мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналдыру деген мәселе болып отыр.

Бұл да өте маңызды деп есептеймін. Сондықтан Мемлекет басшысы алға қойып отырған талаптарын, алға қойған мақсаттарды бірлесе орындау жаңадан мына жетінші шақырылған Парламент депутаттарының қолынан келеді, оған Сенат депутаттары үлкен серпінмен атсалысады деп айта аламыз.   

Нұртөре ЖҮСІП,

Парламент Сенатының депутаты