Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21030 материал табылды

Қазақстан • 17 Сәуір, 2020

Апатқа ұшыраған МиГ-31 ұшағында екі тәжірибелі әскери ұшқыш болған

Қарағанды қаласы маңында  апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағын подполковник А. Құрманғалиев пен подполковник И. Гаврилконың басқарғандары белгілі болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 17 Сәуір, 2020

Бірлікке шақырған ізгі тілек

Елбасы қазіргі қиын-қыстау кезеңде, күллі әлем, оның ішінде біздің еліміз пандемиямен жаппай күрес жүргізіп жатқан тұста ақыл-ойымен, көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп, жол көрсетіп, қазақстандықтарды шынайы бірлікке шақырды. Тұңғыш Президенттің мақаласы қарапайым халыққа түсінікті тілмен жазылып, ой елегінен өткен ақ тілеулі сөз.

Қоғам • 17 Сәуір, 2020

Алаяқтардан сақ болыңыз!

Телеграм мессенджерінде 42500 теңгелік әлеуметтік төлемді алуға өтінім беруге арналған жалған боттардың пайда болғанын бұрын да хабарлаған едік. Жалған боттар азаматтарға бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) және басқа да төлемдерді төлеу үшін банк шотын ұсынады. Ресми боттар ешқандай банк шотын ұсынбайды.

Парламент • 17 Сәуір, 2020

Заң талаптары сақталуы тиіс

Парламент Сенатының депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы М.Бақтиярұлы, сондай-ақ осы комитеттің мүшелері С.Бектұрғанов, Б.Жұмағұлов, Н.Жүсіп, Н.Төреғалиев, А.Қапбарова Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы А.Маминге және Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың атына хат жолдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қоғам • 17 Сәуір, 2020

Ел басына күн туса...

Халқымызда бабалардан келе жатқан «Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» деген даналық сөз бар. Осы бір мақал дәл осындай дүниені кезген індеттің салдары біздің елімізді ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатқан шақта айтылса керек. Салмағы ауыр сөз. Ерлерімізді етігімен су кештіруге жазбасын деп тілеген халықпыз. Жағдай қиын болса, жұртшылық қиын-қыстау шаққа тап келсе, шығатын амалды тауып, бүтін бір елді сақтап, қорғап қалудың жолында ерлер жүрмегенде қайтпек?..

Руханият • 17 Сәуір, 2020

Тату үйге қасірет жуымайды

Кез келген мемлекеттің, қоғамның басты байлығы – адам. Халықтың денсаулығы – мемлекет болашағының негізі десек, оның жақсы, қалыпты жағдайда болуы өмір сүру салтына тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті.

Саясат • 17 Сәуір, 2020

Бітімгерлер өз міндеттерін сапалы орындауда

Қазақстандық 3-ші бітімгершілік ротасы үндістандық батальон құрамындағы БҰҰ-ның Ливандағы бітімгершілік миссиясын жалғастырып жатыр. Пандемияға байланысты миссия қолбасшылығы вирус таралуының алдын алу үшін барлық сақтық шараларын қабылдады.

Руханият • 17 Сәуір, 2020

Сын сәтте қолдау көрсетейік

Қазақта «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген сөз бар. Еліміз қауіпті індетпен арпалысқан тұста, Мемлекет басшысы түрлі бастамасымен бағыт-бағдарлар дайындап, көшбасшылық танытса, мемлекеттік құрылым жетекшілері халықтың қамы үшін күндіз-түні әрекет етуде.

Тарих • 17 Сәуір, 2020

Соғыс салған жара жазылмайды

Менің анам көп қиындық көрді. Біз жас болдық. Әкем жазықсыз сотталып, он жыл отырып келді. Анам ол кезде жас болса да әкемді күтті. Тілегі қабыл болып, әкем елге оралды. Анам бала сүйді, немере көрді. Біз есейіп, қолын жылы суға малдық, ыстық-жұмсақты аузына тостық. Мені елуден асқанша «құлыным, келдің бе?» – деп есік ашатын. Қазір бәрін аңсаймын. Әкем де, анам да дүние салғанына біраз жыл болды. Кейде дастарқан басында анамды, әкемді айтып, көзіме жас алсам келіндер күледі. Неге? Өйткені, бұлар мына мамыражай дәуірде өмір сүріп, не ішем, не кием демей өсіп келеді. Не дейін оларға.

Тарих • 17 Сәуір, 2020

Майданда жүріп Еңбек Ері атанған ақмолалық Жаппархан Асайыновтың ерлігін білеміз бе?!

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қан майданда көрсеткен өшпес ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры жоғары атағының орнына Социалистік Еңбек Ері атағын алған адамдар да бар. Солардың бірі әрі бірегейі ақмолалық Жаппархан Асайынов. Ол бұрынғы Целиноград облы­сы­ның Астрахан ауданындағы Қоскөл ауылының тумасы. Бұл елді мекен кешегі кеңес дәуі­рін­де «Колутон» кеңшарының бөлімшесі болған. Қазір ауылда жиырма бестей ғана үй қалған көрінеді.