Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19831 материал табылды

Қазақстан • 19 Наурыз, 2020

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

Ауа райының нашарлауына байланысты 20 наурызға үш өңірде ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қазақстан • 19 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан әуе рейстері тоқтатылады

Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімдерін орындау үшін 2020 жылғы 22 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап халықаралық және жүк рейстерін қоспағанда, барлық қазақстандық әуе компаниялардың Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан тұрақты және тұрақты емес (чартерлік) жолаушылар рейстері тоқтатылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 19 Наурыз, 2020

Кедендік тексерулерді жүргізу бойынша жекелеген шектеулер енгізілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары аясында және қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне көшкендіктен кедендік тексерістер бойынша келесі шаралар тоқтатылды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 19 Наурыз, 2020

Қазақстан велоспорт федерациясы жаңа жұмыс режиміне көшті

Қазақстан велоспорт  федерациясы 2020 жылдың 18 наурыз бен 15 сәуір аралығында елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істеу форматына көшті. Бұл туралы аталған федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 19 Наурыз, 2020

«Барыс» ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіне қатыспайтынын мәлімдеді

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңі 10 сәуірде жалғасады. Осыған орай, турнирді ұйымдастырушылар «Барыстың» лигаға қайта оралуына мүмкіндік барын айтқан болатын. Алайда, клуб президенті команда үшін биылғы маусымның аяқталғанын айтты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қоғам • 19 Наурыз, 2020

АӘК тағайындау проактивті форматқа ауыстырылды

Әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың көптеп жиналуын болдырмау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалатын болады. Шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 19 Наурыз, 2020

Сенаторлар бір күндік еңбекақысын коронавируспен күрес қорына аударды

Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы өтті. Онда бірқатар халықаралық келісім ратификацияланды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Әдебиет • 19 Наурыз, 2020

Қаулап ертең терекке бүр шығады...

Қош келдің, көктем   Қатқақ, батпақ, қара дақтан жоқ белгі, Аппақ, аппақ, «қант» қалықтар көкте енді. Қыстың кірін «қымтап» жауып, бар әлем Ақ пейілмен қарсы алуда көктемді.

Қоғам • 19 Наурыз, 2020

Елордада құрылыс мекемелері мен мердігер ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейді

19 наурыз сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин енгізілуіне байланысты елордалық Құрылыс басқармасы барлық құрылыс-монтаж жұмыстарының жалғасатындығын мәлімдеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 19 Наурыз, 2020

Еңбек министрлігінің қоғамдық қабылдауы қашықтан жұмыс режіміне ауысады

Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қағаз түрінде көрсетілетін қызметтерге өтініштерді онлайн режимінде беру мүмкіндігін ұсынады. Шара коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында физикалық байланысын болдырмау үшін енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.