Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19844 материал табылды

Тағайындау • 05 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы Қазақстанның Польшадағы Елшісін тағайындады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 05 Наурыз, 2020

Бүгін Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туған күні

Бүгін «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның туған күніне 154 жыл толды.

Елорда • 05 Наурыз, 2020

Жыл басынан бері iQala орталығында 5 мыңнан астам қызмет көрсетілді

IQala қалалық қызмет көрсету орталығының жұмысы қарқынды дамып келеді. 2020 жылдың алғашқы  үш айында 5 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Орталық қызметкерлері мұны ең алдымен қызмет түрлерінің тізімін кеңейтумен және процестерді автоматтандырумен байланыстырады. Осы уақыт ішінде «Астана-ЕРЦ» ЖШС және «Clean City NC» ЖШС - қызметтері ерекше сұранысқа ие болды (1 336 және 1 107 рет қызмет көрсетілген). Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 05 Наурыз, 2020

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 05 Наурыз, 2020

Беларусь нарығындағы кедергілерді талқылады

Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрінің бірінші орынбасары Иван Вежновецпен кездесу өткізді.

Парламент • 05 Наурыз, 2020

Бақуатты ауыл – қуатты Қазақстан

Ауыл шаруашылығы – Қазақстанның экономикасындағы негізгі сала. Ішкі жалпы өнімнің 4,4%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі болғанымен, дәл осы ауыл шаруа­шылығында еліміздің еңбекке қабілетті тұрғындарының 14%-ы жұмыс істейді, ауылдық елді мекендерде 7,7 миллион (ел тұрғындарының 42%) халық тұрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің  Статистика жөнін­дегі комитетінің мәліметтері бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарында эконо­миканың салалары бойынша ең төменгі орташа жалақы ауыл шаруашылығында және ол 127,3 мың теңгені құрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 15,6% жо­ғары, алайда өсім – елдегі орташа көрсет­кіштен біршама төмен.

Абай • 05 Наурыз, 2020

Абай шығармаларындағы тәрбие сипаты

Тәрбие берудің ең көрнекті құралының бірі, амал-тәсілі әдебиет үлгілері, көр­кем шығармалар болған. Онда көрі­ніс табатын авторлық суреттемелер, жасалған образдар оқырманды ойға жетелейді, түрлі әсерге бөлейді. Тағы­лым­дық, танымдық қасиеттер бой көр­сетеді. Бұл орайда өзінің ағартушылық мақсатына сәйкес әдеби шығармаға тәрбие құралы ретінде қалам тартқан Абай өнегесі орасан зор. Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырады, саналылыққа тәрбиелейді. Бұл құндылықтар дарынды ақынның сөз шеберлігі, даналық ойлары, парасаттылығы арқылы ерекше сұлуланып, өзгеше биікке көтерілген. Өр ұғым, өр қағида бүкіл адамзаттың жүрегіне жол тауып, есінде мәңгі сақталатындай қалыпқа келген.

Әлем • 04 Наурыз, 2020

Оңтүстік Корея: Зауыттағы жарылыстан 56 адам жарақаттанды

Сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяның Сеосан қаласындағы Lotte Chemical Corp зауытында болған жарылыс салдарынан 56 адам жарақат алды. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Қазақстан • 04 Наурыз, 2020

Қазақ тіліне дубляждалған «Алға» фильмі көрерменге жол тартты

Елордада ана тілімізге дубляждалған «Алға» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Disney/Pixar студиясының мультипликациялық фильмі, осымен «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждаған 34-ші туынды болып отыр.

Әлем • 04 Наурыз, 2020

Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтан коронавирус табылған жоқ

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.