Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19844 материал табылды

Таным • 04 Наурыз, 2020

Әл-Фарабиді Қазақ еліне қайтарған Ақжан Машани

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтер кезеңде «Жалпы осы тұлғаны туған топырағымен қайта қауыштырған кім? Оның зиратын кім іздеп тауып, ғылым әлеміне кім жариялады? Ғұлама мұрасын Қазақстанда зерттелуіне кім мұрындық болды?» деген сұрақтарға жауап іздеген орынды. Ол тұлға әлбетте – Ақжан Жақсыбекұлы Машани (1906-1997) дер едік.

Таным • 04 Наурыз, 2020

Ұқсата, ұстана білсек...

Ірі мемлекет қайраткері, қазақы білік пен ұлттық болмыс-бітімді санасына жасынан сіңірген замандасымыз Қырымбек Елеу­ұлы Көшербаевтың «Амал – ауыз­біршілік мерекесі» атты мақаласы қалғыған көңілді сергі­терлік, ұлт санасын тағы бір сілкіндірерлік дүние екен.

Руханият • 04 Наурыз, 2020

Төрлет, тойдың төресі!

Еліміз егемендік алғаннан кейін жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз қайта жанды десек те, біз сан алуан мәде­ниеттер тоғысқан жаhандану заманында өмір сүріп жатырмыз. Осындай жағдайда өзіміздің ұлтымызға ғана тән ерекшеліктерді, таза болмысымызды қалай сақтап қаламыз? Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында осы сауалдың жауабын жан-жақты тарқатып бергені қалың оқырманға жақсы мәлім деп ойлаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», деген болатын. Осындай ізгі ойлардан желі тартқан еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде (25.02.2020 ж.) жарияланған «Амал – ауызбіршілік мерекесі» деп аталатын мақаласы да мені өзектілігімен, тереңдігімен баурағанын айтқым келеді.

Спорт • 04 Наурыз, 2020

Дзюдодан Рабат гран-приі өтпейтін болды

Дзюдодан Рабатта (Марокко) өтуі тиіс болған әлемдік Гран-при кезеңі өтпейтін болды. Бұл туралы халықаралық дзюдо федерациясы ресми сайтында мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Абай • 04 Наурыз, 2020

Ақыл-ойдың темірқазығы

Абай жан дүниесі дегенге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев неге айрықша көңіл аударды. Ұлы ойшыл, кемеңгер ақынның 175 жылдығын атап өту үшін ғана емес, әрине. Әңгіме Абайдың жан дүниесіндегі қазақ тағдырына алаң­даған тағылымдарында. Батыс пен Шығыс өміріндегі өнер, білім, мақсат-мұрат, сенім мен үміт, әрекеттердің өркениетін зерттеп зер салған ұлы ақын қазақ­тың да сондай ел болуын көкседі. Дінді де тереңдеп таныды, тіпті ежелден келе жатқан мақал-мәтелдердің, дәстүр-салтты, күнкөрісті ақыл-ой таразысы­нан өткізіп, қазақ жанын реформалауды мақсат етті. «Құдай салды, біз көндік» деген көнбістікке көндігіп алған жұртты аяусыз сынады. Қазақ өмірі осылай жалғаса берсе, ол өркениетті түсінде де көрмей, оқшау қала беретініне қапаланды.

Парламент • 03 Наурыз, 2020

Дариға Назарбаева Қырғызстан елшісін қабылдады

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевты қабылдады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 03 Наурыз, 2020

Президент Ян Цзечимен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 03 Наурыз, 2020

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы жаңарды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына жұртшылықтың және сарапшылар қоғамдастығының жаңа өкілдері қосылды. Бұл туралы Ақорданың Facebook парақшасында жарияланды. 

Парламент • 03 Наурыз, 2020

Д.Назарбаева Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 03 Наурыз, 2020

«Астана» СК директоры қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Самұрық-Қазына» қорының спортты дамыту және Қазақстанның беделін көтеруге бөлінген ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен баспасөз конференцияда агенттіктің 2-департаментінің басшысы Сергей Перов айтты, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.