Зерде • 31 Мамыр, 2023
Мал бағумен күнелтіп отырған көшпелі және жартылай көшпелі халықты күштеп отырықшылыққа көшіру саясаты қазақ ауылына аса қатты соққы болды. Бұл ежелден қалыптасқан шаруашылықты біржола қиратты. 1920-1930 жылдары көшпелі шаруашылық елдегі басқа аудандардың экономикасымен ауқымдаса отырып, табиғи шама-шарқын әлі де болса сарқа қойған жоқ еді. Сол кездегі индустриясы дамымаған, өндіргіш күштері әлсіз Қазақстан сияқты табиғи-географиялық ортада көшпелі мал шаруашылығы тиімді болатын. Өйткені жайылымды мал шаруашылығы қазақтың кең-байтақ даласындағы шөлді және шөлейт жерлерді тиімді әдіспен игеріп, соншама кеңістікті өзінің әлеуметтік болмысына қызмет еттіруге бейімдеп, табиғатпен сіңісіп кетудің бірден-бір тәсілі еді.
Тарих • 31 Мамыр, 2023
Қарлаг: Дін өкілдерін қалай қорлады?
Қарлаг еңбекпен түзеу лагері КСРО Халық комиссарлары кеңесінің 1930 жылғы мамырдағы қаулысы бойынша ашылды. Келесі жылы, 1931 жылдың 19 желтоқсанында Қарағанды еңбекпен түзеу лагері қайта құрылып, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка кенті болып бекітілді. Оған 120 мың гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді.
Саясат • 30 Мамыр, 2023
Сенім – кез келген қарым-қатынастағы басты фактордың бірі. Сенімге селкеу түссе адамдар арасындағы, азамат пен үкімет, тұтынушы мен бизнестің байланысы күрделене бермек. Бұл мәселені өзекті десек, оны зерттеудің де маңызы үлкен.
Мектеп • 30 Мамыр, 2023
«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы оқу, бағалау жүйесі мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлейтін құқыққа ие болды. Бұған дейін мектеп халықаралық стандарттарға сай оқыту бағдарламаларын Кембридж университетімен арнайы серіктестік деңгейінде дайындап келген еді.
Зерде • 29 Мамыр, 2023
Құмаршық. Аштықта жанға араша болған өсімдік туралы не білеміз?
Тарихымыздағы ауыр кезеңнің бірі – ХХ ғасырдың 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басындағы аштық екені белгілі. Кеңестік басшылық жіберген қателіктер мен әдейі ұйымдастырылған әрекеттердің салдарынан миллиондаған халық аштан өліп, тірі қалғандарының көбі шетел асуға мәжбүр болды.
Зерде • 29 Мамыр, 2023
Алаш арыстары мен тұтас халқымызға қарсы жасалған кеңес өкіметінің зұлымдық саясатын бүгінгі қоғам кеңінен тани түсті. Дейтұрғанмен зұлмат жылдарға қатысты өңірлердің мұрағаттары аз зерттелгені, әлі күнге құпия күйінде ұсталып отырған құжаттардың көптігі рас. Сталиндік қуғын-сүргін мен ашаршылықтың алапат дауылынан Ертіс-Баян өңірі ерекше зардап шеккенін де енді біліп жатырмыз.
Тарих • 29 Мамыр, 2023
Тұтқындар тырнақпен қазған «Беломорканал»
Халықты қынадай қырған зобалаң тақырыбының айналасында әлі де зерттелмеген тарихи деректер мен саяси тақырыптар аз емес.
Тарих • 29 Мамыр, 2023
1917 жылы «Қазақ» және «Сарыарқа» басылымдарында Бүкілресейлік құрылтайда қазақтың мүддесін қорғауға лайық деп 43 адамның аты аталған хат жарияланады. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан есім-сойларын түгендеген, мемлекет негізін құратын кеңеске лайықтаған топта Сейдәзім де бар еді. Хат мәтінінде Сейдәзім Қадырбай есімі Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан кейін үшінші аталыпты. «Қыр баласы» айрықша сенім артқан Сейдәзім Қадырбайұлы кім? Алаш тарихнамасында тұлғаның алар орны қайсы? Өмір дерегі бізге нендей сыр шертеді?
Ғалым • 29 Мамыр, 2023
Миллиондаған қазақтың жоқтаушысы
ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, білікті ұстаз, Ашаршылық тақырыбының көрнекті зерттеушісі, марқұм Талас Омарбеков туралы өткен шақпен естелік мақала жазуға тура келіп тұр.
Тұлға • 28 Мамыр, 2023
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарыш конструкторы
Жаңа ғарыш кемесін жасауға атсалысқан кеңес ғалымдарының арасында қазақ ғалымы да бар еді. Бірақ ол туралы кезінде айтылмады. Оған құпия мекеменің құпия маманы ретінде үнемі жасырын өмір сүруге тура келді. Бүгінде өмірден өтіп кетсе де, ол туралы ғаламтордан ақпарат таба алмайсыз. Отбасылық суреттерінен басқа ештеңе жоқ. Біздің қолымызда өмірден өтер алдында кезінде өзіне қамқоршы болып, қанатының астына алған Қызылорда облысы Қазалы ауданында тұратын туған апасы Салиха мен жездесі Ниязғалидың шаңырағына келгенде түскен жалғыз бейнесі қалды. Бұл қазақ ғалымының аты-жөні – Оңғарбай Қазыбаев.