Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20439 материал табылды

Таным • 28 Ақпан, 2020

«Жамбыл менің жай атым...»

Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Уәлихан Қалижановтың «Қасиет пен қасірет» атты романы жарық көрді. Бұл кітапқа жазушының «Жамбыл» атты роман-этюді кірген. Ұлы жыраудың туған күніне орай осы роман-этюдтен үзінділер жариялап отырмыз.

Қоғам • 27 Ақпан, 2020

Елордада автобустарға тегін ауысып отыру жеңілдігі өзгерді

«City Transportation Systems» («Астана LRT») компаниясы Нұр-Сұлтанда бір автобустан екіншісіне бір сағат ішінде тегін ауысып отыру тәртібіне өзгеріс енгізді.  

Қазақстан • 27 Ақпан, 2020

Қарағандыдан 8 жаңа әуе рейсі іске қосылады

«FlyArystan» - қазақстандық алғашқы лоукостер Қарағандыдан сегіз жаңа әуе рейсін іске қосады. Сәуір айынан бастап Шымкент, Ақтау, Атырау, Семей, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Ресейдің Мәскеу қаласына ұшуға болады. Ал жолаушылардың көптеген өтініштері бойынша Қарағанды әуежайына жаңа автобус жүретін болады.

Қазақстан • 27 Ақпан, 2020

Мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекет бақылауында

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов  ұлттық құраманың Жапонияда өтетін Параолимпиада ойындарына дайындығы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Параолимпиадалық  жаттығу орталығы қызметімен танысты.

Президент • 27 Ақпан, 2020

Президент бірқатар мемлекет елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Ақорда резиденциясында бірқатар мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 27 Ақпан, 2020

Қазақстан елшісі Түрікменстан министрлерімен кездесті

Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрікменстан Білім министрі Мамедмурад Гельдыниязовпен және Мәдениет министрі Атагелді Шамурадовпен жұмыс кездесуін өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.

Әлем • 27 Ақпан, 2020

Джеки Чан коронавирус жұқтырғанын теріске шығарды

Әлемге танымал актер Джеки Чан коронавирус инфекциясын жұқтырғаны жайлы ақпараттың жалған екенін айтты. Бұл туралы актер өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Тағайындау • 27 Ақпан, 2020

Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 27 Ақпан, 2020

Фристайл-могул: Анастасия Городко Еуропа кубогінің чемпионы болды

Фристайл-могулдан Қазақстан жасөспірімдер командасының мүшесі Анастасия Городко Еуропа кубогінде топ жарды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлады.

Ақтөбе • 27 Ақпан, 2020

Қазақ халқымен бірге болуымыз - бақытымыз

Қазақ жерін өз отаны деп санайтын диаспоралар Қазақстанға тағдырдың теперішіне тап келген түрлі кезеңдерде келгені хақ. Солардың бірі – поляк ұлтының өкілдері. Бүгінгі күні олар осынау қасиетті де киелі топыраққа тастай батып, судай сіңіп, қазақ халқымен бірге тату-тәтті тірлікте өмір сүріп, еңбек етіп келеді. Біздің ата-бабаларымыздың Ұлы далаға алғаш рет аяқ басуы – сонау  ХІІІ ғасырда тіркелген екен. Яғни Арал маңы арқылы Сырдария мен Іле алқабына тұяқ іліктіріп, содан соң Балхаш көлінің тұсынан өткен поляктар – бүгінде тәуелсіз еліміздің ажырамас бір бөлігіне айналды.