Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21589 материал табылды

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Атырау: Тұрақтандыру қорына қосымша 17 115 тонна ұн сатып алынады

Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мәліметіне қарағанда, қазір 8 наубайхана үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Бұларда тәулігіне 40 мың бөлке нан пісіріледі. Ал, «Дәулет Нан»  ЖШС-нің нан пісіру цехы өндіріс қуатын ұлғайтуды көздеп отыр. Мұнда осы кезге дейін тәулігіне 7 мың бөлке нан пісірілген. Енді бұл  көрсеткішті тәулігіне 15 мыңға дейін көбейтпек.

Қазақстан • 30 Наурыз, 2020

Медициналық маскалар мен дезинфекциялау құралдарын өндіру қалай жүзеге асуда

2020 жылдың 28 наурызында маскалар өндірісінің тәуліктік көлемі 773 мыңды құрады, оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар – 228 мың, тігін кәсіпорындары – 545 мың, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Қызылорда облысының экс-әкімі үй қамаққа алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 28 наурызда Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат берген. Бұл туралы Қызылорда облыстық соты баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус • 30 Наурыз, 2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 293-ке жетті

11:10-дағы жағдай бойынша елімізде вирус жұқтырғандар саны 293-ке жетті. Алматы қаласында - 3, Қызылорда облысында - 3, Ақмола облысында 3 адамның вирус жұқтырғаны анықталды.

Президент • 30 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы ресми құжаттарды тану тәртібі туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды

Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтанда көшеге себепсіз шыққаны үшін 164 адам учаскеге жеткізілді

2020 жылғы наурыз айының 28-і сағат 00.00-ден бастап елордада азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектелді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салынады. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Атырау стансасына баратын барлық жолаушылар пойызы тоқтатылады

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Атырау стансасына баратын және одан шығатын барлық пойыздарға билет сату, жолаушыларды отырғызу және түсіруге тыйым салынады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Абай • 30 Наурыз, 2020

Қазақ  әндері  қайда  кетіп  барады?

Абай Құнанбайұлының: «Әннің де естісі бар, есері бар...» дегеніндегі «есер» ескірмей-ақ қойды. Театр сахнасынан да, теледидар экранынан да, радио арналарынан да «мен мұндалап» шыға келеді.  Мұхиттың арғы-бергі жағындағы елдердің «жұлдыздары» айтып жүрген, әннен бұрын тақылдақ-бақылдақ тақпаққа ұқсайтын жұлқынды, қышқырынды әуенсымақтар біздің «жұлдыздардың» да біразын «баурап алды».

Экономика • 30 Наурыз, 2020

Мемлекеттік кірістер органдары тексерулерулерді тоқтата тұрады - Үкімет

Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу мерзімдерінің өтуі тоқтатыла тұрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысында айтылған.

Қазақстан • 30 Наурыз, 2020

Биыл отандық көлік өндірісінің көлемі артады

2019 жылы «СарыаркаАвтоПром» ЖШС жалпы сомасы 186,6 млрд теңгенің 25802 автомобилін шығарды. Биылғы жоспар бойынша 26 мыңнан астам автокөлік құралы шығарылса, оның 13 мыңы Ресейге экспортталады. Жалпы соңғы 2 жылда кәсіпорын 11,3 млрд теңгеге 2428 автокөлікті Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты елдерге экспортқа шығарды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.