Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21589 материал табылды

Президент • 31 Наурыз, 2020

Қазақстан мен Бразилия арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шарт ратификацияланды

Қазақстан Бразилиямен адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 31 Наурыз, 2020

Атыраудағы ахуал

Компания көрсеткен көмек Атырау облысындағы ірі инвестордың бірі – «Теңіз­шев­ройл» бірлескен кәсіпорны коронавируспен күрес шараларына 1,3 млрд теңге бөлді. Компанияның Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтің айтуынша, Теңіз кен орнында медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 300 орындық оқшаулау орны дайындалған. Қазір компания қызметкерлері дене қызуы өлшенгеннен кейін ғана жұмыс орнына жіберіледі. Ал кеңсе қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеу режіміне көшкен. Олардың жалақысы сақталады. – Біздің компанияның есебінен бөлінген 1,3 мил­лиард теңгеге медициналық құрылғылар мен жабдықтар сатып алынып, Атырау облысының денсаулық сақтау мекемелеріне беріледі. Қазірдің өзінде құрылғылардың бір бөлігі әкелінді. Қалғаны жақында жеткізіледі. Сондай-ақ «Теңізшевройлдың» бастамасымен «Атырау – Астрахан» тас жолы бойындағы оқшаулау бекеті жабдықталды, – деді компанияның Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.

Руханият • 31 Наурыз, 2020

Сөз қасиеті – ем қасиеті

«Ауру кірді – әлек кірді» деген нақылды қазіргі біздің елдегі ғана емес, әлемдегі жағдайға қатысты айтуға болады. Қарап отырсаңыз, ақылға салып, ғаламдық індеттің алдын ал­ғандар да, жоспарлы, жүйелі іс қамдағандар да жетер­лік. Сонымен бірге даурық­қандар да, дүрмекке қосы­лып шапқандар да, дүбірді көрген­дер де, оған ергендер де көп.

Таным • 31 Наурыз, 2020

Қажығұмарды қайтеміз?

Жарықтық, 2011 жылы 15 ақ­пан­да атақты Шәуешек қала­сында дүниеден озды. Оның қас­терлі есімін қағазы арзан, түсі бөтен, жазуы төте мына кітап әредікте бір есіме салып қояды. Әр-әр тұсына қолмен ұзын-қысқа, жарым-жарты парақшалар қосылған. Мұны істеген адам парақшаларды жанын жапырақтап отырып жапсырғандай әсерде қалдырады. Бірақ төте жазуды танымағандықтан басқа кітаптар орнын сан рет ауыстырса да, оның сөредегі орны еш өзгерген емес. Тек кей-кейде адасқан қаздай қаңқылдап, мазаңды алатын секілді көрінеді. Көзің түскенде авторының орнына, кітабына амандасқандай алағызасың.

Коронавирус • 31 Наурыз, 2020

308 науқас: Нұр-Сұлтанда тағы бес жағдай тіркелді

00:10-дағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тағы 6 адам, Ақмола облысында 1 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы ДСМ хабарлады.

Қоғам • 30 Наурыз, 2020

Нұржан Жанпейісов пен Арман Жүдебаев онлайн концерт өткізіп жатыр

Коронавирус індетінің таралуына және елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты мәдениет және спорт мекемелері онлайн кеңістікті игере бастады. «Карантиндегі жұлдыздар» жобасының бүгінгі қонақтары - Нұржан Жанпейісов, Арман Жүдебаев және Нүркен Әшіров.

Қоғам • 30 Наурыз, 2020

Nur Otan партиясы 18 мыңдай отбасыға көмек көрсетті

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясының аясында Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына коронавируспен күрес кезінде қолдау көрсетуді жалғастыруда. Бұл туралы Nur Otan партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Атыраудың 4 бағытына блок-бекет қойылды

Блок-бекеттер Атырау-Астрахань-Қараөзек, Атырау-Алмалы-Орал, Атырау-Бесікті-Индер, сондай-ақ,  Атырау-Қарабатан-Доссор бағыттарына қойылып отыр. Бұған Атырау қаласында карантин мен облыс аумағында енгізілген шектеулер себеп болғаны даусыз.

Қазақстан • 30 Наурыз, 2020

Карантиннен қашсаң, «қармаққа ілінесің»

Әлем елдері вирусқа байланысты үй карантинінде жатқан азаматтарды қашықтан қалай бақылап жатқанын бұған дейін жазғанбыз. Олардың электрондық тапқыр жүйесіне таңдайымызды да қаққанбыз. Енді Нұр-Сұлтан қаласы да вирус жұқтыру қаупі бар азаматтарды бақылаудың смарт жүйесін іске қосты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова хабарлады.

Коронавирус • 30 Наурыз, 2020

Елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 300-ден асты

18:50-дегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Қарағанды облысында - 6 және Алматы облысында тағы 1 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы ДСМ хабарлады.