Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21589 материал табылды

Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Сенатта жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша парламенттік тыңдаулар болады

Сенатта өткен бірқатар парламенттік тыңдаулар барысында әлеуметтік бағдардағы 2020 жылғы бюджет алдында тұрған міндеттерді орындауға арналған қосымша қаржы көздерін анықтау қажеттігі көтерілген аса маңызды мәселелердің бірі болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Әдебиет • 31 Наурыз, 2020

Көк шалғынға көміліп жаттым кешкі...

Ақынның өмірбаяны – оның өлеңдерінің тағдыры. Алғашқы өлеңінен ақырғы жырына дейін. Кешкен азабы, көрген рахаты, басынан өткерген алуан замана бұлты. Көңілдің көркем сәтіндей ақ шарбы бұлттан түнерген дертті жүректі зілмауыр бұлттарға дейін. Соның бәрі – жырларында. Ақынның өмірі  дүние жанарындағы бір тамшы жас секілді. Сонша мөлдір, сонша ауыр. Сол тұнық тамшы үзіліп түскенше... Аманхан Әлімұлы біздің жанарымыздан жас болып ыршып түсті. Көзімізді қай сәтте жұма қалғанымызды да аңғарып үлгермедік. Адамның адамға, адамның дүниеге байланып қалған түгі де жоқ екен-ау. Ақын көз алдымызда мұнартып тұрып, ғайып болды. Оның поэтикалық стихиясы, тіпті музасы да Ай болған секілді. Айды жырлады. Ай арқылы алмағайып дүниенің дидарын берді. Біз жарқырап тұрған жүзін көрдік. Ал айдың артында не бар екені – бізге жұмбақ. Сол жұмбақтың шешуі – әдебиетшілердің, қазіргі әм келер жастардың ізденісінде. Жастарды Аманхан Әлімұлынша сүю, жастарды іздеу, алғашқы қадамынан бастап талпындырып, артығы мен кемін айту, жанашырлықпен жанына үңілу – бір бөлек әлем еді. Ақынның қазасына қайғыра отырып, «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы отбасына, туған-туыстарына, жалпы әдебиет сүйер қауымға көңіл айтады. Әуелінде айтқанымыздай, ақынның өмірбаяны – өлеңдерінің тағдыры. Бір топ өлеңін ұсынып отырмыз.

Қоғам • 31 Наурыз, 2020

Қазақтың қызы көп, тек қазақ қыз аз

«Гүл өссе – жердің көркі; қыз өссе – елдің көркі» деген ғой қазекем. Қалт айтпағанына дәлел жетіп артылады.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Махамбет Досмұхамбетов: «Той-томалаққа, адам көп жерлерге бармау –өз өміріңді сақтау»

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір тұрғындарына сақтық ережелерін сақтауға байланысты үндеуін жолдады.  

Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Ерлан Қарин коронавирус таралуына қарсы күрес стратегиясы туралы жазды

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин биліктің коронавирус таралуына қарсы күрес стратегиясының негізгі үш ерекшелігін атады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Әлем • 31 Наурыз, 2020

Түркияның Орду қаласында «дезинфекция туннелі» орнатылды (видео)

Түркияның Қара теңіз жағалауында орналасқан Орду қаласының әкімдігі көшелерде дезинфекцияға арналған 5 метрлік кабиналар орнатты. 

Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Түркі тілдері неше әліпби нұсқасын қабылдады?

Түркі тілдерінің ішінде түрік жазуы 1928 жылы, әзербайжан 1991 жылы, өзбек, қарақалпақ, түркімен жазулары 1993 жылы латын әліпбиіне көшті.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Атырау: 5 бағытты қамтитын волонтерлер штабы құрылды

Атырауда Азаматтық орталық базасында құрылған волонтерлер штабы 5 бағытты қамтитын болды.

Экономика • 31 Наурыз, 2020

Елімізде астық пен ұн экспортына шектеу енгізіледі

Еліміздің астыққа деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында (оның ішінде азық-түлік көлемін сақтау және тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу үшін) Ауыл шаруашылығы министрлігі төтенше жағдай кезінде бидай экспортына шектеу енгізеді. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 31 Наурыз, 2020

Қазақстан мен Бразилия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт ратификацияланды

Қазақстан Бразилиямен сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.