Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21587 материал табылды

Коронавирус • 18 Наурыз, 2020

Қытай сауығып, «қарт құрлық» ауырып жатыр

Дүниежүзін дүрбелеңге салған COVID-2019 вирусын жұқтырғандар саны әлемде өршіп, бүгінде 200 мыңға таяды, індет құрбандарының саны – 8 мыңға жуық. Вирустың «отаны» – Қытайда ауру жұқтырғандар мен одан көз  жұмғандар саны күрт азайса, керісінше, Еуропада жағдай ушығып кетті.

Елорда • 18 Наурыз, 2020

Елордада көппәтерлі тұрғын үйлер дезинфекцияланып жатыр

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен жалпыға ортақ пайдалану орындары дезинфекцияланып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы • 18 Наурыз, 2020

Елбасы коронавируспен күреске 200 млн теңге бөлуді тапсырды

Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –­ Елбасы Қорынан 200 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 18 Наурыз, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары коронавирус пандемиясының таралу жағдайын талқылап, осы індетке қарсы күреске байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат алмасты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент • 18 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді

Алтай Көлгінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордадағы қазіргі ахуал және коронавирустың таралуына қарсы карантин енгізілуіне байланысты қабылданған шаралар жайында есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы • 18 Наурыз, 2020

Nur Otan көпбалалы отбасыларға көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағыттады

Елбасының тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағытталды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram парақшасында жазды.

Қазақстан • 18 Наурыз, 2020

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді импорттау үшін «жасыл дәліз» ашылды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар импортталатын азық-түліктерге «жасыл дәліз» орнатты. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 18 Наурыз, 2020

Алматы шекараларына автокөліктің кіруі мен шығуына шектеу қойылады

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы карантиндік режимді түсіндірді.

Қоғам • 18 Наурыз, 2020

Анар Жайылғанова індеттің таралуын болдырмаудың маңызды шарттарын атады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекеттік аппараттың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қандай шаралар ұсынылғанын айтып берді.

Қоғам • 18 Наурыз, 2020

Б.Нұрымбетов: Қашықтан жұмыс істеу кезінде жалақы төлеу тәртібі өзгермейді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.