Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21587 материал табылды

Экономика • 19 Наурыз, 2020

«ҚазТрансГаз» сақтық шараларын қабылдады

Коронавирус инфекциясының (COVID-19) пандемия деп жариялауына байланысты және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде Төтенше жағдай режімін жариялауына орай «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» Ұлттық компаниясы бірқатар алдын алу шараларын қабылдады.

Парламент • 19 Наурыз, 2020

Бір күндік еңбекақыларын аударды

Мәжілісмендер бір күндік еңбекақыларын коронавирусқа қарсы күреске аударды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Елбасы • 19 Наурыз, 2020

Өкілеттігін тоқтатса да халықпен байланысын үзбеді

Былтыр барлығымыз Елбасының Президенттік өкілеттігін тоқтат­қаны­на куә болдық. Бір жыл көп уақыт емес. Дегенмен Нұрсұлтан Назарбаев сол бір жылдың ішінде мемлекеттің беделін арттыра түсетін көп келіссөздер мен кездесулер өткізді, іссапарларға барды. Күні кеше Ресей астанасы Мәскеудегі сапарының жемісті өткенін, Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры «Мәскеу университетінің Жұлдызы» жоғары наградасымен марапаттағанын көрдік.

Елбасы • 19 Наурыз, 2020

Қазақстанды әлемге танытты

Қазақ халқы Тәуелсіздікті ғасырлар бойы аңсады. Сол үшін күресті. Осы бір игі арман, ұлы мақ­сатына бағытталар үміті мен сені­мінен айныған жоқ. Аллаға шүкір, үздіге күткен үмітіміз ақталды. Аңса­ған асыл арманымыз орындалды. Қайғысыз, қасіретсіз Тәуелсіздігіміз өз қолымызға тиді.

Елбасы • 19 Наурыз, 2020

Елінің бағына туған ерен тұлға

Осыдан тура бір жыл бұрын, 19 наурызда ел тарихындағы аса маңызды тағдыршешті шешім қабылданды. Алаштың аманатын арқалаған Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз ықтиярымен өкілеттігін тоқтатып, бейбіт билік транзитін жүзеге асыру арқылы мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Кеңес Одағы күйрегеннен кейінгі алмағайып заманда жас мемлекеттің шаңырағын көтеріп, аз уақыттың ішінде төрткүл дүниенің төріне шығарған Елбасының бұл шешімін әлемдік қоғамдастық зор ілтипатпен қабылдап, жоғары бағалаған болатын. Біз бүгін осы тарихи күнге орай елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ел ағаларының ой-толғамдарын зерделі оқырманның назарына ұсынып отырмыз.

Елбасы • 19 Наурыз, 2020

Саяси сабақтастықтың озық үлгісі

Өткен жылы әлем жұртшылығы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі тарихи оқиғаның куәсі болды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында – 19 наурызда Қазақ мемлекеттігінің негізін қалаушы Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз еркімен Мемле­кет басшысы өкілеттігін тоқ­та­тып, кезектен тыс сайлауға дейін ел басқаруды сол кездегі Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа өткізетінін жариялады.

Елбасы • 19 Наурыз, 2020

Тұлға. Дәуір. Сабақтастық

2019 жылдың 19 наурызы Қазақ­стан халқы мен барша әлемдік қо­ғамдастық өміріне аса бір ма­ңызды және есте қаларлық күн болып енді.

Президент • 19 Наурыз, 2020

Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады - Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында Президент ретінде атқарған бірінші жылы жайында жазды.

Қоғам • 18 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан мен Алматы стансаларында пойыздардың жүруі тоқтатылады

Мемлекеттік комиссияның шешімімен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан тұрғындар мен қонақтарының биылғы жылдың 22 наурызы 00.00 сағатқа дейін кіруіне немесе шығуына рұқсат берілді. Бұл туралы ​ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 18 Наурыз, 2020

Карантин – шектеу, коменданттық уақыт – тыйым салу

19 науыз күні түнгі сағат 00.00-ден бастап, еліміздің екі үлкен шаһары – Нұрсұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Бүкіл бір қаланы жабу тәуелсіз мемлекеттің тарихында болмапты. Сондықтан болар, мұндай төтенше жағдайды түсінбей,  дал болып жүргендер көп.