Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21580 материал табылды

Президент • 06 Наурыз, 2020

Президент Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дмитрий Медведев екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын қарастырды. Кездесу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 06 Наурыз, 2020

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 наурызда бірнеше өңірде ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қоғам • 06 Наурыз, 2020

Шамалған стансасында жол өтпесі эстакада түрінде салынады

Алматы облысының Шамалған теміржол станциясындағы жол өтпесінің құрылысы биыл қарқын алмақ. Бүгінгі таңда нысанда алдағы құрылыс маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша құрылыстың жалпы сомасы 5,5 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 06 Наурыз, 2020

Біржан Нұрымбетов Уильям Мозермен кездесті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозер Нұр-Сұлтан қаласында өткен жұмыс кездесуі барысында Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы заңнамасын және кәсіподақтардың қызметін жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанда адам саудасы күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Медицина • 06 Наурыз, 2020

Оңтүстік Кореядан келген азаматтар карантинге жабылды

Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 наурыздағы Қаулысына сәйкес коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша 1 санаттағы елдерден (ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран) оралған адамдар Қазақстанға келген күннен бастап жергілікті атқарушы органдар белгілеген нысанда 14 күн карантинде болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 06 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы Алик Айдарбаевты қабылдады

Мемлекет басшысына ұлттық мұнай-газ компаниясының 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары және алдағы кезеңге арналған даму жоспарлары жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

«SportFEST Kazakhstan» мектеп спартакиадасына тіркелу басталды

Жеті мыңнан астам қазақстандық оқушы наурыз бен маусым айлары аралығында өткізілетін «SportFEST Kazakhstan» ІІІ республикалық спартакиадасына қатысады.

Қазақстан • 06 Наурыз, 2020

Алдағы тәуліктерде жауын-шашын мен қар жауады - Қазгидромет

Алдағы тәуліктерде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста арктикалық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын, әсіресе қар жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлама үшін 10,6 млн теңге сыйақы беріледі

Ағымдағы жылдың 5 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «ANTIKOR ORTALYǴY» сервистік орталығында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі тақырыбында брифинг өтті.

Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

Ақтөбеде куәліксіз көлік басқарған 10 жүргізуші анықталды

Ақтөбе облысында жол ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған іс-шара өтіп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.