Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20427 материал табылды

Қоғам • 05 Ақпан, 2020

Коронавирус белгілері анықталмады

Ұлттық сараптама орталығы мен Орталық референс-зертхана мамандары зерттелінетін материалдарда 2019-nCov коронови­рус­ты анықтау бо­йын­­ша жүргізілген зерт­ханалық зерт­теу­лерде вирус та­былмағандығын мә­лімдеді.

Әлем • 05 Ақпан, 2020

Қазақ тілінде жаңашаланған «Қорқыт ата кітабы»

Қорқыт Ата жырлары – түркі ха­лық­тарын құрайтын ру-тайпалардың ма­ңызды әдеби жәдігері болумен қатар, адамзат баласына ортақ мәдени мұра­лардың бірі. Алғысөз бен он екі жырдан (хикаядан) тұратын бұл туынды әуел баста жыршыдан-жыршыға ұласып, ауызша таралып, XV-XVI ғасырларда оғыз тайпалары арасында қағазға түс­кен. Дрезден нұсқасының мұқабасында оғыз тайпасының тіліндегі шығарма («Китаби Дедем Коркут аля лисани таифе-и оғузан») ретінде көрсетілсе де, «Қорқыт Ата кітабы» – түркі халықтарының ортақ тарихын, дүниетанымын, тілін, әдет-ғұрпын, наным-сенімін, мифологиясын, этнографиясын, фолькло­рын, талғам-таны­мын толық қамтып, ашып көрсететін жазба ескерткіш.

Руханият • 05 Ақпан, 2020

Одақтың филиалы ашылды

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Nur Otan партиясының қолдауымен, елорда әкімдігінің ұйытқы болуымен «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ашылды. Филиал Нұр-Сұлтан қалалық «Жазушылар үйі» ғимаратынан орын алды.

Абай • 05 Ақпан, 2020

Хакім ұлағаты

Еркіндік әлемінде еңселі елге айналған Қазақ­стан 2020 жылдың есігін ерекше елеулі жетіс­тіктермен ашты. Әсіресе тылсымы терең тұман­ды тарихтың қойнауында қалып, күңгірт тарта бастаған халықтың рухани құндылықтары қайтадан өмірге келіп, өзінің қадір-қасиетімен жалпы жұртты тәнті етті. Бүгін мен болашаққа қажетті мұндай маңызды мәселелердің жүзеге асуына жол ашқан Қазақстан Республикасы­ның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалы мақалалары екендігі баршаға белгілі.

Абай • 05 Ақпан, 2020

Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың қайнары

Еліміз қоғамдық дамудың тарихи сабақтастығын сақтай отырып, әлемдік өркениет өрістерімен үндестікте экономикалық, әлеуметтік күш-қуатын саяси тұрақтылық аясында күннен-күнге арттырып, халықтың тұрмыс сапасынның көтерілуін қамтамасыз етуде. Сондай-ақ рухани жаңғыруымыз бен рухани өркендеуіміз өз жалғасын табуда.

Аймақтар • 04 Ақпан, 2020

Жамбылдық кәсіпкерлерді не толғандырады?

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының есеп беру кездесуіне 300-ге жуық кәсіпкер қатысты.

Қазақстан • 04 Ақпан, 2020

Nur Otan мен Кәсіподақтар федерациясы жұмысшылардың мүддесін қорғайтын меморандум жасасты

Nur Otan партиясы мен Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Кәсіподақтар федерациясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан • 04 Ақпан, 2020

Мемлекеттік органдарға қатысты шағымды онлайн түрде жазуға болады

Мемлекеттік органға шағым, арызды онлайн түрде жазуға болады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.  

Қоғам • 04 Ақпан, 2020

Елордада ертең боран мен көктайғақ болуы мүмкін

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеруіне байланысты елордалықтардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Медицина • 04 Ақпан, 2020

Ұшу алдында экипаж мүшелері медициналық тексерістен өтеді

Коронавирустық инфекцияға қатысты әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты және Қазақстанда инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында ұшу құрамының, кабина экипажының мүшелері ерекше өкімге дейін міндетті түрде ұшу алдындағы медициналық тексеруден өтуі қажет. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.