Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21582 материал табылды

Үкімет • 09 Наурыз, 2020

Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен үндеу жасады

ОПЕК+ мұнайдың негізгі экспорттаушы елдері арасындағы мұнай өндіруді шектеу жөніндегі келіспеушіліктер мұнайдың әлемдік бағасының айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Бүгін, 2020 жылғы 9 наурызда Brent маркалы мұнай әлемдік нарықтарда 30%-дан астам төмендеумен, барреліне $31-33 көлемінде саудалануда. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 09 Наурыз, 2020

Президент әлемдегі экономикалық ахуал жөнінде сөз қозғады

Әлемдегі экономикалық ахуалдың күрделенуіне байланысты Қазақстанда Шұғыл әрекет ету штабы құрылады. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында жазды.

Президент • 09 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы еліміздегі экономикалық ахуал жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің және Мемлекет басшысына тікелей бағынышты органдардың жетекшілерімен кеңес өткізді. Онда әлемдегі қаржылық-экономикалық ахуал және оның Қазақстан экономикасына әсері жөнінде мәселелер талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 09 Наурыз, 2020

Президент Сыртқы саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 09 Наурыз, 2020

Қызылорда облысында сотталғандардың арасында спорттық шара өтті

Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің Сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстары бойынша бөлімі мен Қызылорда облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлерімен бекітілген мәдени- спорттық іс шаралар жоспарына сәйкес мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтарға « Шахмат, арқан тарту,гір тасын көтеру» сияқты спорт түрлерінен сайыс өткізілді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Әдебиет • 09 Наурыз, 2020

Төлеген Айбергеновтің анасы - Жібек ана

Қазақ халқының тарихындағы тар жол, тайғақ кешулі күрделі кезеңдерді, тағдыршешті сәттерді – ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, колхоздастыру, кәмпеске, соғыс, тың игеру жылдарындағы ана тарихы, аналардың көз жасымен жазылған тарихты ақындардың аналарына арнаған жырларымен, сол аналардың тағдыры арқылы ашып көрсеткіміз келеді. Осы аналар ғасырды арқалаған, аманат арқалаған аналар. Сондай кезеңнің өзінде көз жасын жеңімен сүрте жүріп ұлдарын, ұлтын, қазақ әйелінің қастерлі бейнесін, ақ жаулықтың киесін сақтап қалды. Қазақ поэзиясындағы ана жайлы ең үздік жырларды, сол жырларға кейіпкер болған аналар тағдырын қабыл алыңыздар.

Қоғам • 09 Наурыз, 2020

9 наурызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Руханият • 09 Наурыз, 2020

Қадыр Мырза Әлінің анасы – Мағыраш ана

Қазақ поэзиясындағы ана жайлы ең үздік жырларды, сол жырларға кейіпкер болған аналар тағдырын қабыл алыңыздар.

Спорт • 09 Наурыз, 2020

Токио-2020: Жолдамалар саны 35-ке жетті

Дәл қазіргі есеп бойынша қазақ спортшылары спорттың 16 түрінен Токио Олимпиадасына 36 жолдама жеңіп алды.

Руханият • 09 Наурыз, 2020

Димаш Құдайберген жаңа «Your Love» әнін таныстырды

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресей астанасындағы Мемлекеттік Кремль сарайында жаңа «Your Love» әнін көпшілікке таныстырды.