Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21582 материал табылды

Саясат • 10 Наурыз, 2020

Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен үндеуі

Үкімет пен Ұлттық банктің мұнайдың әлемдік нарығындағы жағдай және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы бірлескен үндеуі

Саясат • 10 Наурыз, 2020

Партияның бастауыш ұйымы

«Атамекен» Ұлттық кәсіп­керлер пала­та­сының бас­тамасымен ұйымның ор­та­лық аппа­ра­ты­ның жанынан Nur Otan-ның бас­тауыш партия ұйымы құрылды.

Парламент • 10 Наурыз, 2020

Күн тәртібі нақтыланды

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Абай • 10 Наурыз, 2020

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...»

Президент Қ.Тоқаев былтыр Қазақстан халқына Жолдауында мемле­кет­тілігімізді нығайту ендігі жерде қоғамдық-саяси өмірімізді модернизациялау­сыз мүмкін еместігін айта келе, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын 2020 жылғы ел өміріндегі елеулі оқиғалар қатарына жатқызған болатын. Енді сол ойының жалғасы ретінде Мемлекет басшысы XXI ғасырдағы Қазақстан үшін ұлы Абай мұрасының қоғамдық сананы жаңғыртып, ұлт болып бірігуімізге тигізер ықпалын аша түсетін бағдарламалық мақаласын жариялап отыр.

Экономика • 10 Наурыз, 2020

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – аса маңызды стратегиялық міндет

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева былтырғы желтоқсан айы­нан бері ел экономикасының әр саласына қатысты кездесулер өткізген болатын. Атап айтқанда, жоғарғы Палатада Сенат Төрағасының бастамасы­мен елі­міздегі 60-тан астам аграрлық қоғамдық ұйымдар мен одақтардың, ауыл шаруа­шылығы тауар өндірушілерінің өкілдерімен, осы салаға қатысы бар мем­­­лекеттік органдар мен ведомство басшылары қатысқан 12 арнайы кездесу бол­ды. Бұл жүздесулерде сала бойынша қордаланған мәселелерге қатысты 200-ге жуық ұсыныс айтылып, оның барлығы түрлі мемлекеттік, қаржылық ор­­гандар мен ведомстволар, қоғамдық бірлестіктер, эксперттер арқылы сараптамадан өтіп, 170-тен астамы парламенттік тыңдаулардың ұсынымдар жо­ба­сына енгізілді.

Әлем • 10 Наурыз, 2020

Коронавирус 100-ден астам елге тарады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түрін жұқтырған адамдардың осымен 101 елде анықталғанын хабарлады. ДДҰ мәліметінше, әлемде аталған індетті жұқтырушылар саны 105 586 адамға жетті. Өткен тәуліктің өзінде 3610 адам жұқтырды, сондай-ақ 71 өлім тіркелді.

Таным • 10 Наурыз, 2020

Мәңгілік сауал мәнісі

Біздің балалық шағымыз «Бәрімізді жаратқан бір Алла» деп отыратын ауылда өтті. Сондықтан «Құдай» дегенде көз алдымызға аспан төрінде отырған бір ақсақал елестейтін. Мектепке бардық. Онда бізді: «Адам маймылдан шыққан» деп үйретті. Бас қатты, қайсысына сенеміз деп. Есейе келе «cонда бізді кім жаратқан?» деген сауалға жауап іздедік. Ғасырлар қойнауына үңілдік. Арғы-бергі ақылгөйлерге жүгіндік. Сөйтсек, бұл сұраққа келгенде байырғы ақылгөйлердің өзі бір-бірімен қырықпышақ болған екен. Ғылым – жерге, дін аспанға тартып дегендей. Бұл айтысқа кезінде Абай да араласыпты.

Спорт • 09 Наурыз, 2020

ҚХЛ: «Барыс» 5:2 есебімен жеңіске жетті

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысында Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен бесінші кездесуін өткізді.

Елорда • 09 Наурыз, 2020

Елордада екі қабатты жатақхана өртенді

Елордада жатақхана өртенді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Президент • 09 Наурыз, 2020

Президент Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады (видео)

Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.