Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19796 материал табылды

Қазақстан • 20 Қаңтар, 2020

Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын хабарлады.

Қоғам • 20 Қаңтар, 2020

А.Көлгінов қолжетімді баспана пәтер кезегінде тұрған азаматтарға бірінші кезекте берілетінін айтты

Елорда әкімі Алтай Көлгінов пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қолжетімді тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың мәселелерін талқылады. Алтай Көлгінов бірінші кезекте қолжетімді баспана пәтер алуға кезекте тұрған азаматтарға берілетінін айтты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 20 Қаңтар, 2020

Президент қызметтік борышын атқару үстінде көз жұмған полицейді «Айбын» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару үстінде көз жұмған полицей Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 20 Қаңтар, 2020

Мүмкіндігі шектеулі жастар әлеуметтік жарнама өндірісі бойынша оқытудан өтті

Ұлттық Дельфий Комитеті Қазақстандағы АҚШ елшілігінің шағын грантын іске асыру аясында елордада «Батыр бол!» Әлеуметтік жарнама мектебі» әлеуметтік жобасын іске қосты.

Руханият • 20 Қаңтар, 2020

«Абай әр үйдің төрінде» кітап сыйлау акциясы басталды

С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Абай әр үйдің төрінде» кітап сыйлау акциясын бастады.

Спорт • 20 Қаңтар, 2020

Дмитрий Баландин брасс әдісімен 200 метрге жүзуден 4-орын алды

Қытай астанасы Бейжіңде Champions Swim Series жарысының екінші кезеңі аясында 200 метрге брасс әдісімен жүзу бәсекесі өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 20 Қаңтар, 2020

Шымкент қаласының әкімі қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Әр аптаның жұма күндері өтетін қабылдауда 10-ға жуық қала тұрғындары өз өтініштері мен ұсыныстарын жолдады. Қабылдауда негізгі көтерілген мәселердің басым көпшілігі коммуналды салаға қатысты болды. Бірі жекеменшік мектеп салу туралы ұсынысын жеткізсе, бірі мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша көмек сұрай келген. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 20 Қаңтар, 2020

Қазақстанда өндірістік жарақаттану 8,8%-ға төмендеді

2019 жылдың қорытындысы бойынша республика кәсіпорындарында 1 257 жазатайым оқиға болды, соның салдарынан 1 430 адам зардап шекті, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 8,8%-ға төмен (2018 жылы – 1 568 адам), оның ішінде 180 адам қаза тапқан, бұл 2018 жылға қарағанда 17,6% - ға төмен (2018 жылы-220 адам). Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 20 Қаңтар, 2020

Александр Савин семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінде үштікке енді

19 қаңтар күні Бахрейннің Манама қаласында шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі  өтті. Оған Қазақстан командасының төрт спортшысы қатысты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Экономика • 20 Қаңтар, 2020

Салық кодексіне енген жаңа өзгерістер түсіндірілді

Мемлекеттік кірістер комитеті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты жаңа өзгерістерді тұрғындарға түсіндірді. Жиын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарындағы сауда орталықтары мен үлкен базарларда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өткізілді.