Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қазақстан • 19 Ақпан, 2020

Қазақстан мен Сербия ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Сербия арасындағы ғылыми-академиялық, сондай-ақ цифрландыру бағыттары бойынша ынтымақтастықты ілгерілету мәселелерін талқылау мақсатында, Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Білім, ғылым және технологиялық даму министрі Младен Сарцевичпен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 19 Ақпан, 2020

Мобильді қосымша арқылы жол сапасына қатысты ұсыныстар жіберуге болады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК-мен, «Вайпойнг» компаниясымен бірлесіп, осы жылдың наурызында «Азаматтық байқау» мобильді қосымшасын іске қосады. Ол еліміздің құзіретті органдарына қазақстандықтардың елдегі жол төсемелерінің сапасына қатысты сауалдары мен ұсынымдарына жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 19 Ақпан, 2020

Дастан Рыспеков Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Дастан Адайұлы Рыспеков Президенттік жастар кадрлық резервінен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 19 Ақпан, 2020

Сенаторлар жеміс-көкөніс шаруашылығына инвестиция тарту мәселесін көтерді

Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері жеміс-көкөніс мәселелері бойынша ғалымдармен және бизнес өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Басылым басшылары • 19 Ақпан, 2020

Басылым басшылары - Уәлихан ҚАЛИЖАН (1948)

Уәлихан Қалижан Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Бесмойнақ ауылында дүниеге келген. Алматыдағы № 12 мектеп-интернатта оқып, 1966 жылы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң филология факультетiне оқуға түседi. Осы жоғары оқу орнын тәмамдаған соң еңбек жолын Алматы облыстық «Жетiсу» газетiнен бастап,  сырттай аспирантурада оқыды. 1978 жылы «Ақмолла ақынның өмiрi мен творчествосы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Білім • 19 Ақпан, 2020

11-сынып оқушылары үшін «iTest: Үздік нәтиже» байқауы өтіп жатыр

2020 жылдың 3 ақпанынан 17 шілде аралығында жыл сайын өткізілетін «iTest: Үздік нәтиже» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы басталды. Бұл – Қазақстанның барлық 11-сынып оқушыларына жоғары оқу орнына грант ұтып алу үшін ерекше мүмкіндік.

Басылым басшылары • 19 Ақпан, 2020

Басылым басшылары - Нұрлан ОРАЗАЛИН (1947)

Нұрлан Оразалин Алматы облысы Ұйғыр ауданы Көкбастау ауылында дүниеге келдi. 1965 жылы орта мектептi бiтiрген соң, Қазақ мемлекеттiк университетiнiң филология факультетiне оқуға түстi.

Президент • 19 Ақпан, 2020

Мемлекет басшысы Дәурен Абаевты қабылдады

Кездесу барысында Президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, азаматтық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жастардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, диаспоралық және діни саясат бағытында жоспарланған шаралар туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Басылым басшылары • 19 Ақпан, 2020

Басылым басшылары - Әбiш КЕКIЛБАЙҰЛЫ (1939-2015)

Әбіш Кекiлбайұлы Маңғыстау облысының Оңды ауылында дүниеге келген. Мектепте оқып жүрген кезiнен бастап-ақ әдебиетпен айналыса бастаған. Қазақ мемлекеттiк университетiн бiтiре салысымен (1962ж.) «Лениншiл жас» (қазiргi «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиетi» газеттерiнде әдеби қызметкер, бөлiм меңгерушiсi болып iстедi.

Үкімет • 19 Ақпан, 2020

Дәулет Батырашев Мануэль да Кошта Андрадемен кездесті

Дәулет Батырашевтың Португалия Конституциялық Сотының Төрағасы Мануэль да Кошта Андрадемен кездесуі өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.