Экономика • 11 Наурыз, 2020
Қытайдан жүк тасымалдау тоқтамайды
Былтыр пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қазақстан темір жолы» біраз нәтижеге қол жеткізді. Компанияның апатсыз жұмыс үдерісі қамтамасыз етілді. Айталық, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу көрсеткіші алдыңғы жылға қарағанда 6 пайызға кеміп, жылжымалы құрамдардың жолдан шығып кету оқиғалары азайды. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев 2019 жылғы жұмысының қорытындысында айтты.
Қоғам • 11 Наурыз, 2020
«Қазақ картасын» елшіліктер қолдаса...
Шетелдегі қандастарды қолдау – қазақ қоғамы үшін өзекті мәселелердің бірі. Содан болар, 2019 жылы қандас ағайынға көмек көрсету, елге қайтару практикасы, мемлекеттік бағдарламалар мен диаспоралық саясатты түсіндіру мақсатында этнобірегейлікті дамытуға бағытталған талдамалық зерттеу жұмысы жүргізілді. Жоба барысында отандық мамандар Түркияның шетелдегі өз отандастарын мемлекеттік қолдау ісіне көз жүгіртіп, солардың тәжірибесін сараптап көрді.
Тарих • 11 Наурыз, 2020
Қазақ театр өнерінің саңлағы, халқымыздың аяулы қызы, КСРО халық әртісі, республика мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шолпан Жандарбекова сахнадағы сан алуан рөлдерді өте шебер ойнауымен халық жадында қалған тұлғалардың бірі екені даусыз.
Руханият • 11 Наурыз, 2020
Елбасының Рухани жаңғыру қағидасы әр жүректің көмбесіндегі жанартауды түрткілеп оятуымен құнды болып отыр. Осы тұрғыда батыр Баубек Бекмырзаұлының биылғы екі жүз жылдық мерейтойына байланысты тың ұсыныс-пікірлерін алға тартып жүрген Қабиболла Шаяхметовтің еңбегін ескерген жөн.
Таным • 11 Наурыз, 2020
Қазір тарих ғылымында орын алған тәуелсіз рухтан қанаттанған ахуал кімнің кім екенін қоғам алдында ашып көрсетті. Бүгінге дейін жазба тарихымызды жазған зерттеушілер негізінен бірнеше топтарға жіктеледі: Олардың алғашқылары біздің ойымызша, аузын ашса «иншалланың» орнына ескі әуенге жаңа қайырма жасайтындар, яғни тарихты саясиландырып, оны билікке жағыну құралдарына айналдырғандар. Мұндай кісілер президенттер ауысқан сайын тарихты да ауыстыруға бейім. Аға ұрпақта тағы бір тарихшылар тобы бар: олар кезінде тарихи шындықты айтқысы келсе де айта алмаған, сүбелі зерттеулерінде әдептілік, ұстамдылық танытып, әр тақырыптың басын бір шалмай, тұрақты бір кезеңнің айтуға, жазуға рұқсат етілген шындығын байыпты зерттеп баяндап, тарихи фактілерге сергек қараған, тарих майданында «ақ» пен «қараны» айқын айыра алатын, билікке емес, тарихтың өзіне белсенді қызмет еткен тарихшылар.
Тарих • 11 Наурыз, 2020
XVII ғасырда Қазақ хандығын басқарған хандар саны – бірнешеу. Олардың билікте болған жылдарын жазба деректер арқылы нақты біле алмасақ та, әр ханның жеке басындағы ерекше қасиеттері мен белгілеріне, билік құрған жылдарындағы заманның ағымына, дәуірінің ерекшелігіне байланысты едәуір тарихтың елеулі беттерін парақтауға болады. Сол даңқты хандардың бірі де бірегейі – Жәңгір хан. Жәңгір – Есім ханның тарихта белгілі үш ұлының бірі.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2020
Азық -түлік бағасын арзандатудың жолы
Азық-түлік бағасы күн сайын шарықтап, халықтың наразылығын тудырып отыр. Мемлекет басшысы, Парламент және Үкімет бұл проблемаға көңіл бөлмей отырған жоқ. Әр түрлі дәрежеде талқыланып, іс-қимылдың мемлекеттік бағдарламалары қабылданды.
Әлем • 10 Наурыз, 2020
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Уханға барды
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин сейсенбі күні Хубэй провинциясындағы Ухан қаласына барды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Қазақстан • 10 Наурыз, 2020
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ірі сауда орталығы салынады
Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының құрылысы басталады. Бұл жайында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында жазды.
Елбасы • 10 Наурыз, 2020
Елбасы Мәскеудегі «Н.Назарбаев - еуразиялық интеграцияның сәулетшісі» көрмесіне қатысады
Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей астанасына келді.