Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қазақстан • 12 Ақпан, 2020

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жариялады

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жариялады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Абай • 12 Ақпан, 2020

Түркияда Абай жылының салтанатты ашылуы өтті

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі, Түркия Мәдениет министрлігі, ТҮРКСОЙ ұйымы мен «ТРТ Аваз» телеарнасының қатысуымен Түркиядағы Абай жылын салтанатты түрде ашты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыр атлетика • 12 Ақпан, 2020

Илья Ильин Ташкентте алтын медаль ұтып алды

Илья Ильин Ташкентте өткен ауыр атлетикадан халықаралық біріншілік аясында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер арасындағы жарыстың жеңімпазы атанды. Ол екі рет зілтемірді көтеруде 355 (160 + 195) келіні еңсеріп, І-орынға ие болды.

Қазақстан • 12 Ақпан, 2020

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бірнеше облыста 13 ақпанға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.

Қазақстан • 12 Ақпан, 2020

Биыл Қазақстанда 730 мың шаршы метрден астам баспана беріледі

2020 жылдың қорытындысында республика бойынша 731,7 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді. Жалпы алғанда елімізде бұл айда 5 581 баспана, оның ішінде 3161 жеке үй салынып бітті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

Қоғам • 12 Ақпан, 2020

Елордадан бүгін түнде 32 919 текше метр қар шығарылды

12 ақпанда қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 462 техника бірлігі мен 1 731 жол жұмысшысы тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 12 Ақпан, 2020

Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің оң көрсеткіші 14 өңірде байқалды

2020 жылғы қаңтар айының қорытындысында елімізде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 104,1%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 102,8%, өңдеу өнеркәсібінде 107,8% құрады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 12 Ақпан, 2020

Қазақстанның Елшісі Гордан Грлич Радманмен кездесті

Загреб қаласында Қазақстанның Елшісі Төлежан Барлыбаевтың Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич Радманмен кездесуі өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 12 Ақпан, 2020

Мәжілісте бірқатар ратификациялық жаңа заң жобасы мақұлданды

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Онда Ұжымдық қауіпсіздікке қатысты бірқатар ратификациялық заң жобалары мақұлданды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 12 Ақпан, 2020

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

Ұлттық телевизиялық «Тұмар» бәйгесіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді tvtumar.kz сайтында 02 наурызына дейін толтыруға болады. Бұл туралы Ұлттық бәйге ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.