Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қоғам • 07 Ақпан, 2020

«Шахристанға» саяхат

Жамбыл облысы өткен жылы өзінің 80 жыл­дық торқалы тойын атап өтті. Осы мерей­тойға орайластырылып киелі Жамбыл жерінде бірқатар жаңа нысан бой көтерді. Солардың бірі әрі бірегейі «Шахристан» этно-кешені жуықта пайдалануға беріліп, мұндағы «Көркемдік бейнелеу өнері» галереясы, «Руханият» орталығы, облыстық өлкетану мұражайы, сағат стеллалары алыстан менмұндалап, көпшіліктің сүйікті мәдени демалыс орнына айналып отыр.

Қоғам • 07 Ақпан, 2020

Ақ ешкі сүті ана сүтімен пара-пар

Түркістандағы Ә.Қарабаев көшесіндегі 63-үйде тұратын Омар Мұсабековтің тұрмысы төмен отбасына қала әкімдігі «Менің кәсібім» жобасы аясында Занин деп аталатын швейцариялық асыл тұқымды екі ешкі берді.

Руханият • 07 Ақпан, 2020

«Танысқым келеді менің сізбен...»

Ақтөбедегі танысу агенттіктері арқылы теңін тауып жатқандардың саны жылдан-жылға артып отыр. Адам — нәзік жаратылыс. Арқа сүйер азамат, жаныңды ұғар жарсыз өмір сүру оңай емес... «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан» деп те жатамыз. Бірақ әртүрлі себеппен сыңарын кездестіре алмай, дара күндерден дегбірі қашқандарға қайтпек керек? Олардың біразы бұрынғыдай апа-жеңгелеріне қолқа салғаннан гөрі, ғаламтордағы арнаулы сайттарға тіркеліп, танысу агенттіктерінің қызметіне жүгінгенді тәуір көреді. Мұндай заманауи танысу һәм табысу құралдары арқылы арманындағы адамын тауып жатқандар да бар...

Абай • 07 Ақпан, 2020

Ұлыларды ұлықтаған Польша

Төрткүл дүниеде кеңінен аталып өтіп жатқан ұлы Абайдың 175 жылдық тойы Еуропа төрінде, соның ішінде Польшада да елеусіз қалмады. Осынау айтулы шараның өтуіне отандық ғылым-білім кеңістігіндегі шоқтығы биік Қазақ ұлттық университетінің бір топ ұстаздары мен шәкірттері мұрындық болды.

Абай • 07 Ақпан, 2020

Ұлт тұлғасы – ұрпақ бағдары

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында елдігіміздің мәртебесін көтеруге тікелей қатысы бар ұлы кемеңгер Абайдың ұлттың ұстазы ретіндегі 4 тұлғалық болмысы айшықталып көрсетілген. Алдымен ұлттық концепцияны негіздесе, (XXI ғасырдағы қазақ ұлты қандай болу керек? Интеллектуалды ұлт, ұстаздың орны), одан кейін мемлекетшілдікті дәріптеген (өз елін сүю, бірлік, әділетті қоғам). Үшіншіден, қоғамды жаңғыртуға бейімділік, жаңашылдықтың үлгісін көрсетсе, (өз ұлтыңды құрметтей отырып, өзге де мәдениетті білуге, тануға талпыну, жаңа кәсіп үйрену, масылдықтан аулақ болу, т.б.), соңында адамзатқа ортақ құндылықтар негізделіп көрсетіледі (толық адам концепциясы немесе кәміл мұсылмандық үлгісі).

Аймақтар • 07 Ақпан, 2020

Айдарлының айдағаны бес ешкі емес

Облыс орталығынан шалғайда жатқан Мойынқұм ауданының «Айдарлы» кең­шары кешегі Кеңес одағы кезінде 30 мыңнан аса қой-ешкі, 1 мың басқа жуық мүйізді қара өсіріп, 3 мың гектардан аса жерге жүгері, арпа өсірген іргелі шаруа­шылық болатын. Алайда кейін шаруашылық тарап, нарық қыспағы бұл ауылды да айналып өтпеді. Сол жылдарда каналдарды қайыр басып, егістікке су келмегеніне 20 жылдан асты.

Тарих • 07 Ақпан, 2020

Әйтеке бидің бет бейнесі қандай болған?

Қазақ тарихи шежіресінің елімізге белгілі маманы Өтеген Қойшиевтің «Әйтеке бидің шын бейнесі қандай?» деген мақаласы бүгінгі қазақ қауымын елең еткізеріне күмән жоқ. Біз бұл мақаланы алғаш рет «Жалаңтөс баһадүр – тарихи тұлға» атты деректі жи­нақтан оқыдық. Бұл кітаптың баспадан шығуына демеуші болған – дәрігер, ғалым Ғани Смаханұлы екен. Ол бізге аталған кітаптың бір данасын сыйлады. Ең тамашасы, ақын Сардарбек Қожағұлдың «Баһадүр Жалаңтөс» атты кітабында басылған Әйтеке бидің жаңа суретін қолымызға ұстатқаны болды.

Руханият • 07 Ақпан, 2020

«Балам, кешір, жалғыз жол осы болды»

Сонау 80-жылдардың аяғы кезінде Ресеймен екі ортадағы ше­кара жоқ уақытта сол жақ­тағы ағайындарға жиі барушы едік. Саратов облысының Красный Кут ауданы Комсомол село­сында қандастарымыз көп болатын. Олар бір-бірімен жа­қын туыстай араласып кеткен. Ағайындармен дастарқан басын­да болғанда селода дядя Максим атанып кеткен (дұрыс есімі Мақұлбек), сол кезде жасы 70-ке таянып қалған ағамен жиі кездесіп қалатын едік. Ағаның оң қолының үш саусағы жоқ болатын.

Кәсіпқой бокс • 06 Ақпан, 2020

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

«Qazaq style» лақап атын иемденген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. Бұл туралы Жәнібек Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында жазды.

Тағайындау • 06 Ақпан, 2020

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Ерулан Жамаубаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың бұйрығымен тағайындалған Казутин Николай Юрьевичті таныстырды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.