Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19579 материал табылды

Президент • 11 Желтоқсан, 2019

Президент «Егемен» көтерген мәселе бойынша тапсырма берді

Президент Қ.Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде 10 желтоқсан күні жарық көрген «Темір жолды жағалап топ бала жүр» мақаласында көтерілген мәселені шешуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды. Мақалада Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кентінің жаңа ауданында тұратын 360 оқушы сабаққа келу үшін күнде 13 рельсті кесіп өтетіні айтылған еді.  

Экономика • 11 Желтоқсан, 2019

Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты

Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі ағымдағы жылғы қараша айында тарихта алғаш рет 1 трлн теңгеден асты.

Экономика • 11 Желтоқсан, 2019

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі құрылды

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы шамамен 100 кәсіпорын салалық міндеттерді бірлесіп шешу үшін бірікті және «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі «Qaz Textilе lndustry» өзін-өзі реттеу ұйымын құрды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Экономика • 11 Желтоқсан, 2019

Отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің бірінші съезі өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің бірінші съезі өтті. ҚР ИИДМ және «Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен өткен жиын мемлекеттің, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін біріктіруді көздейді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Парламент • 11 Желтоқсан, 2019

Мәжіліс көші-қон процестерін реттеу бойынша Заң жобасын мақұлдады

Парламент Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарап, оны бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2019

Қазақстан Елшісі Латвия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Республикасының Президенті Эгилс Левитске сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент • 11 Желтоқсан, 2019

Қазақстан Президенті «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Үкімет • 11 Желтоқсан, 2019

Үкіметте жоғары оқу орындарын оңтайландыру мәселесі талқыланды

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚР Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2019

Адамның даму индексі бойынша Қазақстан 189 елдің ішінен 50-орынға ие

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) негізгі құжаты - «Адам дамуы жөніндегі есебі 2019» ұсынылды. 

Тағайындау • 11 Желтоқсан, 2019

Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі ақын Қалқаман Сарин Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Facebook парақшасында жазды.