Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19570 материал табылды

Парламент • 18 Қараша, 2019

Дамуы даусыз елдің халқы қамсыз

Көрнекті жазушы Саттар Ерубаевтың «Кешегі езілген жарлы – бүгін ауқатты, мәдениетті колхозшы» деп жазғаны болушы еді. Қазір бұл біртүрлі естіліп, езуге күлкі үйіруі мүмкін. Ал шынында, өмір заңдылығы көп өзгере қойған жоқ: кеше аз қамтылған отбасының ізінше ауқаттылар қатарына қосылуы немесе кейбір отбасы «қоғамның осал тобының» қатарын көбейтуі ғажап емес.

Руханият • 18 Қараша, 2019

Ораз-Мұхаммед сұлтанға құлпытас қойылды

Қазақ даласынан 16 жасында тұт­қын­да кетіп, Мәскеу патша­лы­ғында құрметті аманатта өткізген 22 жылы­ның 10 жылын жарты патша­лық­тың әміршісі ретінде ел билеуге арна­ған Қасым хандығының ханы, қазақ даласының сұлтаны Ораз-Мұхам­медке 15 қарашада денесі көмілген топырақта – Ресей Феде­ра­циясының Рязань облысы, Қасымов ауданында Құран ба­ғышталып, құлпытас қойылды.

Қазақстан • 15 Қараша, 2019

Сенатор Ләззат Сүлеймен Ақмола облысындағы соттарда болды

Парламент Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен Ақмола облысының соттарында болып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соттан тыс және сотқа дейінгі дауларды реттеу институттарды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу аясында олардың қызметімен танысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 15 Қараша, 2019

Сенаторлар газбен қамтамасыз ету желілері құрылысының барысымен танысты

Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері Дәурен Әділбеков пен Еділ Мамытбеков елорда әкімі Алтай Көлгіновтің, энергетика министрінің орынбасары Мұрат Жүребеков, сондай-ақ «Байқоңыр» және «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы газбен қатамасыз ету желілері құрылысының барысымен танысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 15 Қараша, 2019

Елорда орталығында автокөлік өртенді

Елордада «Нива» көлігі жанып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 15 Қараша, 2019

Дариға Назарбаева Еревандағы балалар онкологиясы және гематология орталығында болды

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Армения Республикасына ресми сапары аясында Армения премьер-министрінің жұбайы Анна Акопянмен бірге Еревандағы Балалар онкологиясы және гематология орталығында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 15 Қараша, 2019

Н.Нығматулин: Қазақстан мен Вьетнам ынтымақтастығының болашағы зор

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Вьетнамға ресми сапары барысында Дананг қаласына барып, теңіз айлағының жұмысымен танысты, сондай-ақ, өнеркәсіп орындарына барып, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 15 Қараша, 2019

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Такехико Накаоға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Азия даму банкінің арасындағы әріптестіктің 25 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 15 Қараша, 2019

Алматыда «Қаржы нарығы және Қазақстан экономикасының нақты секторы» конференциясы өтті

Шарада Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайлов сөз сөйледі. Өз сөзінде Ә. Смайылов 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 5% және одан жоғары өсуін қамтамасыз ету үшін Үкімет қандай шаралар қабылдап жатқанын айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 15 Қараша, 2019

Ресейде қазақ сұлтаны Ораз-Мұхаммедке ескерткіш тақта орнатылды

Ресей Федерациясының Рязан облысы Қасымов қаласында Жошы ұлысынан шыққан Ораз-Мұхаммед сұлтанға мемориалды тақта орнатылды. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.