Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Руханият • 20 Қаңтар, 2020

Тарих. Тұлға. Түркістан

Түркістанды жырламаған ақын, Түркістанды зерттемеген тарихшы, Түркістан туралы жазбаған қаламгер кемде-кем. Бұл – көне шаһардың біздің халықтың жүрегінде айрықша орны бар екенінің белгісі. Бүгінде күллі ел Түркістанның жаңа дәуірінің бастауының куәгері болып, ерекше сүйсініп жатыр. Күн сайын, ай сайын өзгеріп, Толағайдай өсіп жатқан Түркістан алып құрылыс алаңына айналған.

Қоғам • 20 Қаңтар, 2020

Бейбіт Атамқұлов: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы туралы жаңа заң несімен тиімді?

2019 жылғы 26 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Жаңа заңның негізінде еліміз­дің тұрғын үй саласында жүзеге асырылатын реформа бірқатар күрмеуі қиын мәселенің түйінін тарқатуға бағытталған.

Руханият • 20 Қаңтар, 2020

Адамдықтың қайнары

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында елімізде күтілетін бірегей шара – ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойының өткізілуінің, оған жаппай халық болып дайындалудың қаншалықты маңызды және қажетті екендігі айтылады. Бұл шаралар «той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» дейді Президент сөз басында мәселені бірден ашып.

Руханият • 20 Қаңтар, 2020

Берік Уәли: Абай мен Алаш

Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көргенінен жұртшылық жаппай хабардар деп ойлаймын. Прези­дент мақаласында Абай әлемін бүгінгі күнмен, мемлекет құрылысымен, ел дамуымен байланыстыра отырып кеңінен талдау жасады. Бұл баршамызға Абай мұрасына жаңаша қарау керектігін аңғартты. Қасым-Жомарт Кемелұлы алғаш айналымға түсіп отырған «парасатты патриотизм» ұғымының басты шартын да осы мақаласында көрсетті. Оны «Біз енді ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтын қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты» деген тұжырымнан анық байқаймыз..

Үкімет • 19 Қаңтар, 2020

Ауыл мектептерінде пилоттық жоба іске қосылады

Бердібек Сапарбаев елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебіне барды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 19 Қаңтар, 2020

Еліміздің бірқатар аймағында жолдар жабылды

Ақтүтек боран салдарынан «Нұр-Сұлтан – Павлодар» тас жолы жабылды.

Үкімет • 19 Қаңтар, 2020

Аэротүсірілім жұмыстары бір құжатпен реттелетін болады

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 19 Қаңтар, 2020

Абай туралы фильм түсіруге өтініштер қаңтардың соңына дейін қабылданады

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы «Абай» деректі фильмін, сонымен қатар толық метражды картина түсіруге дайындық үстінде. Осы шараның аясында орталық арнайы конкурс жариялап отыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігнің баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 19 Қаңтар, 2020

«Астана Опера» театрында А.Құнанбайұлының 175 жылдығының салтанатты ашылу рәсімі өтеді

21 қаңтарда (сағат 15.00-де) Нұр-Сұлтан қаласы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл-кемеңгері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығының салтанатты ашылу рәсімі және Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 19 Қаңтар, 2020

2019 жыл: Еңбек инспекторлары 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1 771 кәсіпорнында 43,3 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 6,1 млрд теңгеден астам берешегі бар екенін анықтады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.