Қазақстан • 13 Ақпан, 2020
Қазақстан Елшісі Эстония Сыртқы істер министрімен кездесті
Таллинде Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Сейтімовтің Эстония Республикасының Сыртқы істер министрі Урмас Рейнсалумен кездесуі өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 13 Ақпан, 2020
Бәрімізге сабақ боларлық жағдай
Қордайдағы қақтығыс баршамызды қатты алаңдатты. Бұл бір жағынан жергілікті жердегі билік өкілдерінің дұрыс жұмыс істемеуінің салдары.
Парламент • 13 Ақпан, 2020
Ынтымағымыз бен бірлігімізді жоғалтпайық
Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиға барша жұрттың жүрегін дір еткізді. Әрине алдағы уақытта бұл қақтығыстың себеп-салдары анықталып, кінәлілер жазасын алатынына еш күмәнім жоқ. Оқиға орнында болып, жергілікті тұрғындардың әңгімесін өз құлағыммен естігеннен кейін қақтығыс салдарынан болған адамдар өлімі, тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандардың, автокөліктердің өрттен кейінгі қаңқалары мені еріксіз ауыр ойға қалдырды...
Абай • 13 Ақпан, 2020
«Жалын мен оттан жаралған сөзді ұғатын қайсың бар?..»
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіндегі «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы бізге қандай ой салды, көкірегімізде Семейдің болашақтағы тағдырына, Абай руханиятына қатысты нендей армандар мен алаңдаушылықтар бар, солар жайында барынша қысқа да нұсқа бірер сөз.
Руханият • 13 Ақпан, 2020
Тазабек батыр жайында мен оқыған жазба дерек 1846 жылдың 23 маусымынан басталады. Сол күні Албан, Суан, Дулат, Шапырашты, Жалайыр тайпаларының сұлтандары мен билері генерал Вишневскийдің қатысуымен орыс қол астына қарайтын болып келісімге қол қояды.
Президент • 12 Ақпан, 2020
Президент азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 12 Ақпан, 2020
Президент Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Мемлекет басшысына «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және Индустрияландыру бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 12 Ақпан, 2020
Нұр-Сұлтанда қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есеге артады
Елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есе артады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 12 Ақпан, 2020
Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 12 Ақпан, 2020
Мемлекет басшысы Жансейіт Түймебаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа үкіметтік комиссияның Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Ауқатты және басқа да ауылдардың тұрғындарымен өткізген кездесу қорытындысы бойынша мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.