Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3635 материал табылды

Пікір • 19 Қыркүйек, 2024

Халық сенімін күшейтті

Жыл сайынғы Жолдаулар шеңберінде Президенттің құқықтық идеяларын қамтамасыз етудегі Парламенттің заң шығарушылық рөліне тоқталғым келеді.

Тұлға • 19 Қыркүйек, 2024

Эссе: Кемердегі кәдімгі Мағауин

Былтырғы қыркүйектің ортасынан аса Ақтеңіздің толқыны әлдиленгендей болып, Антальяның әуежайында отырғанымда уатсабыма Мұхтар Мағауиннің АҚШ-тан Кемерге көшіп келіп, теңізде малтып жүрген көрінісін көзім шалып, ұшақтан түсіп қала жаздағандай күй кешіп едім...

Тұлға • 19 Қыркүйек, 2024

Өнердің биік өлшемі

Ұлтымыздан шыққан аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушылар санатын­дағы кәсіби классик-композитор, халық шығармаларын сүйіп, құмарта тыңдаған Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толды. Балалық шағы ауылдық жерде өткендіктен, жас талант Арқадан шыққан дарынды тұлғалар Ақан сері, Біржан сал, Мәди, Естай, Үкілі Ыбырай, Тәттімбет, Сайдалы сары Тоқа, Әбди, Қыздарбек, Сембек, Әбікен Хасенов, т.б. әндері мен күйлерін бойына сіңіріп өсті.

Пікір • 19 Қыркүйек, 2024

Киік атумен түйткіл шешілмейді

Бүгінгі күні мал сүмесімен күн көріп отырған батыс өңірінің жағдайы түз тағысы – киіктің тағдырымен тығыз байланыс­ты болып тұр. Онсыз да соңғы жылдары жауын жаумай, қуаң­шылық салдарынан баққан малдарына беретін су көздерін, шабын­дық-жайылым жерлерін көздерінің қарашығындай қорғап жүрген ауыл тұрғындарын, әсіресе мал ұстаған жеке шаруа қожа­лықтарын осы киік мәселесі әбден титықтатып жібергені байқалады.

Құқық • 19 Қыркүйек, 2024

Судья қызметін бағалайтын институт

Тиімді сот жүйесі – құқықтық мемлекеттің негізі және азаматтық қоғам дамуының алғышарты. Ал сот реформаларын табысты іске асырудың шешуші бір факторы– кәсіби сот корпусының болуы. Кейінгі жылдары елімізде сот жүйесін жаңғырту, халықтың сотқа деген сенімін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Сот төрелігін күшейтуге және сот корпусының кәсіби деңгейін арттыруға бағдарланған қажетті құралдар әзірленіп, тәжірибеге енгізілді.

Туризм • 19 Қыркүйек, 2024

Әлемдік көрсеткіштегі отандық туризм

Әлемдік туризм саласы экономиканың екінші тынысын ашатын бағыттардың бірі екені анық. Бүгінгі таңда ­туризм арқылы жылына миллиондаған қонақты қабылдап, жаңа жұмыс орындарын ашып, шағын және орта бизнесін өркендетіп отырған мемлекеттер қатары өсіп келеді. Осы орайда оқырман назарына әлемдік туризм саласындағы маңызды зерттеулердің бірі – 2024 жылғы Саяхат және туризмді дамыту индексін (Travel&Tourism Development Index 2024, TTDI) ұсынамыз.

Тұлға • 18 Қыркүйек, 2024

Жазушы өмірі: белгісіз беттер

Таяуда Алматыдағы «Service Press» баспасынан «Жұмбақ жазушы» атты кітап оқыр­мандар қолына тимек. Ол – қара сөздің хас шебері, тегеурінді талант Бердібек Соқпақ­баев туралы ұжымдық жинақ. Мұның алғаш­қы нұсқасын жазушы Баққожа Мұқай мен қа­ламгердің қызы Самал Соқпақбаева құрас­ты­рып, «Білім» баспасынан жарыққа шығарт­қан еді. Бұл 2005 жылы болатын. Одан бері де Бе­кең, Бердібек аға жөнінде біраз туынды жа­зылып, олар дара дарынның 90, 95 жылдық ме­рейтойларына орай газет-журнал бет­те­рін­де көрініс тапқаны бар. Биыл тұғыры биік тұлғаның 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіп жатқан кезде, жоғарыдағы кітап­тың 2006–2024 жылдар аралығындағы бас­пасөзде жарияланған 18 естелікпен толықты­ры­лып, қайта жарыққа шыққалы жат­қа­ны – қуа­нышты жағдай. Бұл – біткен бір үлкен іс, өз кезінде қолға алынған дұрыс жұмыс болды.

Пікір • 18 Қыркүйек, 2024

Білікті педагог – тұрақты өркендеудің негізі

Биылғы Жолдауда еліміздің кадрлық әлеуетін арттырудың негізгі міндеттерінің қатарында мектептердің әлеуетін нығайту, педагогтердің біліктілігі мен әлеуметтік мәртебесін арттыру көрсетілген. Педагог кадрлардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру – білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі.

Пікір • 18 Қыркүйек, 2024

Мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен тиімділік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін ерекше атап өтті. Бұл маңызды құжат ел дамуында шешуші рөл атқаратын бірқатар жүйелі мәселелерді айқындады.

Пікір • 18 Қыркүйек, 2024

АЭС-тің артықшылығын білген абзал

Ертеңнің қамын бүгін ойламасақ, бүрсігүні опық жеп қалуымыз бек мүмкін. Оны дамыған және дами алмай отырған елдер мысалынан көріп тұрмыз. Отандық ғалымдар да елге керек энергия көзі туралы жүздеген дәлел мен дәйек келтіріп, түйінді тұсын толық жіліктеп берді.