Саясат • 31 Қазан, 2019
Роман Скляр Қазақстандағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
Елші және дипмиссия өкілдерімен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарын одан әрі нығайтудың перспективалары талқыланды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 31 Қазан, 2019
Сыртқы саяси зерттеулер институты құрылды
Сыртқы істер министрлігінде «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырысты ашқан Министр Мұхтар Тілеуберді Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлануымен құттықтап, отырысқа қатысушыларды Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаттары және міндеттерімен таныстырып, жемісті жұмыс тіледі. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Технология • 31 Қазан, 2019
Электронды қызметтің өңірлік көшбасшысы
Қазақстан – электронды мемлекеттік қызметтерді дамыту бойынша көшбасшы. Бұл туралы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы барысында Tech Farm басқарушы серіктесі Аман Тентиев мәлімдеді. Оның айтуынша, Қырғызстанның электронды мемлекеттік қызметтердің дамуын қамтитын цифрландыру бағдарламасы 2017 жылы іске қосылды, ал Қазақстандағы электронды үкімет қызметі 13 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Әлем • 31 Қазан, 2019
Түркия астанасы Ыстанбұл қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғары аудит органдары ұйымдарының VIII ассамблеясында Қазақстан ЭКОСАИ президенті болып сайланды.
Әлем • 31 Қазан, 2019
«Бейжің+25» аймақтық шолу кездесуі
Женевада Ұлттар сарайында «Бейжің+25» екі күндік аймақтық шолу кеңесі өтуде. Солтүстік Америка, Еуропа және Орталық Азиядан келген 700-ден астам өкіл гендерлік теңдік және әйелдер құқығы мәселелері бойынша осыдан 25 жыл бұрын қабылданған маңызды мәселе – Бейжің декларациясы мен іс-қимыл тұғырнамасының міндеттерін орындауда қол жеткен жетістіктерді шолу үшін жиналды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қоғам • 31 Қазан, 2019
Күз түсісімен-ақ исі қазақ қыстық соғымын қамдай бастайды. Жағдайы жеткендер ту бие немесе ақта атты құнарлы азықпен жемдеп, қарашадан қалдырмай жығады. Ал құмды өлкедегілер түйенің етін хош көреді. Сары майдай сақталған өркеш жел-құзға ем, құнарлы азық. Енді бұған шамасы келмегендер өгіз немесе тайынша таңдамақ. Екі-үш семіз қойды үйітіп алатындар да бар. Қойдың үйітілген еті дәмді де құнарлы.
Экология • 31 Қазан, 2019
Құралайымыздан көз жазып қалмайық
Өткен ғасырдың соңғы жылдарында Қаратаудың беткейінде сағымға айналған ақбөкендер жортып жүретін. Қазір олар көзден ғайып болған. Шынымен сағымға айналып барады.
100 • 31 Қазан, 2019
ХХ ғасырдың 20-жылдары ел басына түскен аса ауыр нәубетті және оған қарсы тұрған тұлғаларды еске алсақ, алғашқылардың бірі болып ойымызға жас, батыл, жігерлі, елшіл, сұңғыла қайраткер Смағұл Садуақасұлы (1900-1933) оралады.Тіпті осы азаматты аталған кезеңдегі ұлттың намысы, ар-ұжданы десек те қателеспейміз. Ол жастай қабілетті қаламгер, шебер жазушы, сындарлы сыншы ретінде қалыптасты. Еш жерде филологиялық, гуманитарлық жоғары білім алмай, әдебиет пен мәдениет, әлеуметтану мен елтану заңдылықтарын жіті зерделегеніне қайран қаласыз. Сірә, адамға көп нәрсе тек-тамырдан берілсе керек.
Қоғам • 31 Қазан, 2019
Жат ағымдардың жетегіне ілесіп, адастырар уағыздардың айтағына бас изеп, ақырында қақтығыс алаңына айналған Сирияға тап болған қандастарымызды елге қайтару ісінде мемлекетіміз тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілгені белгілі. Бұған «Жусан» операциясы дәлел бола алады. Осы орайда, яғни жат жерде басы шырмауға түскен жандарға қол ұшын беруде еліміздің шет мемлекеттердегі дипломатиялық қызметкерлерінің де атқарып жатқан істері мол. Бүгін біз сондай жағдайлардың біріне қатысты мақаланы назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Редакция
Қазақстан • 31 Қазан, 2019
«Болашағы жоқ ауылдар» деген қасаң көзқарастан арылатын мезгіл жетті
Еліміздің алдағы стратегиялық мақсат-міндеттерін жан-жақты тұжырымдап берген Жолдаудың ерекше тұстары маған үлкен ой салды. Оның ішінен шағын ауылдарды дамытуға қатысты өте күрделі проблемалардың күн тәртібіне өткір, ашық қойылуын бөле-жара айтар едім. Осыған орай әзірленген өңірлік стандарттарға үш мыңнан астам негізгі және қанаттас ауылдық елді мекендердің енгізілгені, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша алдағы үш жыл ішінде 90 миллиард теңгенің бөлінгені қуантады. Бұл қаражатқа көлік, ауыз су, газбен қамтамасыз ету секілді бірінші кезектегі инфрақұрылымдық мәселелер шешіліп, тұрмыстық, мәдени, спорттық нысандар бой көтеретін болады.