Қазақстан • 28 Қараша, 2019
Елордада балалар қауіпсіздігі айлығы жарияланды
Елордалық әкімдікте қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкеннің төрағалығымен білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жиын өтті. Шара барысында қатысушылар мектептердегі бейнебақылау жұмыстарын талқылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Қараша, 2019
Елордада «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстел өтіп жатыр
Жиынға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев қатысуда.
Қазақстан • 28 Қараша, 2019
Қазақстан мемлекеттік резервке 350 мың тонна бидай сатып алды
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Қараша, 2019
Қардың үйілуі жөнінде iKOMEK109 орталығына 2112 өтініш келіп түскен
Нұр-Сұлтан қаласының iKOMEK109 орталығына белгіленбеген жерде қардың жиналуы жөнінде 2112 өтініш, мұз сүңгілерінің құлау қаупі бойынша 93 өтініш келіп түскен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 28 Қараша, 2019
Елорда әкімі қар тазалау кезінде жарақат алған жүргізушіге барды
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 28 Қараша, 2019
Елордамыздағы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында 4 мектептің оқушыларын біріктіретін Master art жобасының тұсауы кесілді.
Әдебиет • 28 Қараша, 2019
Руханият • 28 Қараша, 2019
Әбіш Кекілбаев әдебиетке келген сол бір алпысыншы жылдар әлі есте. Ол бір ерекше жылдар еді. Жаңа заманның жылымығы есіп, сталиндік сең сықырлап еркіндік шуағынан жер құрсағы жіби бастаған. Сол-ақ екен әдебиет майданында жас өскін көк дүрк көтерілді. Соның алдында ғана «Абай жолы» әлемге қазақ рухын паш етіп төрткүл дүниені шарлап кеткен. Бұл эстафетаны «Қан мен тер» іліп әкетті. Оған іле-шала өмірге «Қаһар» келді. Сөйтіп күллі қазақ кітапқа қарқ болды. Бірақ оқыған үстіне оқығысы келді. Өз тарихынан ажыратылған қазақ, талай заман теңдік емес, кемдік көрген қазақ бұ жылдарда жапатармағай өз тегін, өз тамырын тануға ұмтылған. Күні кеше төбесінде ұлтсыздық әңгіртаяғы ойнап өз өткенінен ажырай бастаған ұлттың осы жылдары өз өткеніне деген шөліркеуі, сусауы алабөтен еді. Ұлттық құндылықтар кәусарын аңсауы алабөтен еді. Сол шөлбасар кәусар алпысыншы жылдары атқылады. Ол кәусардың көзін ашқан жаужүрек жазушылар болды. Қаламгерлер қазақ үшін күресті бастады. Дәл осы жылдарда, 1965, 1966, 1967 жылдарда әлі отызға толмаған уыз жас Әбіш «Ханша дария хикаясын», «Күй», «Шыңырауын» жазды. Таласа-тармаса оқыдық. Шыңыраудан сыр шерткен жас талант тамам жұртты тамсантты. Қазақ қара сөзі аспанында өзгеше бір үн күндей күркіреді. Бұл Кекілбаев үні еді.
Қазақстан • 28 Қараша, 2019
Біраз жыл бұрын Американың Айова штатындағы, орталықтан 35 шақырым жердегі бір фермердің үйінде болдық. Маңайда жүгері жайқалып өсіп тұрды. Кезінде осы штатта КОКП-тың сол тұстағы бірінші хатшысы Никита Хрущев болып, жүгері өсіруден тәжірибе алмасқаны тарихтан белгілі. Өйткені Хрущев жүгері мен доңызды ерекше жақсы көріп, сүйсініп жейтін болған. Міне, сол фермердің үйіне барар жолда асфальт төселмеген, кәдімгі тақтайдай тартылған қара жол. Жеңіл көлік жүйткіп жүреді. Ал фермердің үйі еңселі. Кәдімгі біздегі байлар тұратындай. Фермер дегеніміз, жетпісті еңсерген екі қарт адам.
Үкімет • 28 Қараша, 2019
Инклюзивті білім беру кабинеті ашылды
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов №88 жаңа мектеп-лицейіне барды. Оқу орны 1200 орынға есептелген. Бұл №75, №84 және №85 мектептердің шамадан тыс жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жаңа мектептің жұмысымен танысу барысында «Әр бала мектепке лайықты» жобасының іске асырылуы таныстырылды. Мектеп-лицейде ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында инклюзивті кабинет ашылды.